• Бизнес & Қоғам
  • 02 Шілде, 2020

Кәсіпкерлер тағы да тарту жасады

«Казгипронефтетранс» инжиниринг компаниясы» ЖШС өкілдері Гүлжайна Нысанова мен Эльдар Ахажанов компания жасаған қауіпсіздік каскаларының 1000-нан аса данасын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы филиалының директоры Данияр Қырықбаевқа табыстады.

Компания басшылығы төтенше жағдай кезінде жедел әрекет ету үшін әзірленген жоспарға сәйкес шараларды қолға алған болатын. Соның бірі – компания қызметкерлерінің бастамасымен, азаматтармен бетпе-бет жұмыс істейтін меке­мелер қызметкерлері үшін қорғаныс каскаларын жасауды қолға алған. Өздері құрастыр­ған қорғаныс каскаларының бір партиясын Алматы ХҚО-ларының қызметкерлеріне тапсыруға шешім қабылдаған екен. «Бұл COVID-19 вирусы­ның өршіп тұрған шағында халықпен бетпе-бет жұмыс істеп отырған қызметкерлерге жасалған үлкен сыйлық болды. Азаматтарымыздың, оның ішінде біздің қызметкерлеріміздің жағ­дайын ескеріп, осындай қымбат тарту жасағандарыңызға алғысымыз шексіз», – деді компа­ния сыйлығын қабылдап алған филиал директоры Данияр Батанұлы. Бүгінде Алматы қаласында Азаматтарға арналған үкіметтің 17 фронт-офисі жұмыс істейді. Оларда 950 маман халыққа қызмет көрсетіп отыр. Қауіпсіздік каскалары сол қызметкер­лер­ге таратылып берілмек. «Қорға­ныс каскаларын жасауға компанияның бастамашыл еріктілері көмектесті. ХҚО қыз­меткерлері халықпен үздіксіз жұмыс істейтін болғандықтан, 1050 дана қорғаныс каскасын «Азаматтарға арналған үкімет» МК КЕАҚ Алматы қаласы фи­лиа­лының қызметкерлеріне тегін тапсыруды жөн көрдік», – дейді «Казгипронефте­­­транс» ин­жиниринг компаниясы» ЖШС өкілі Гүлжайнар Ныса­нова. Бұл Алматы қаласы ХҚО-ларына кәсіпкерлер тапсырған алғашқы тарту емес. Осыған дейін жас кәсіпкер Айдар Жақыпов құны 5 миллион теңге тұратын тепловизионды камераны сыйға тартқан болатын. Аппарат адамға жанасусыз, бір мезгілде 1-ден 2,5 метрге дейінгі қашықтықта 30 адамның дене қызуын өлшейді және бетпердесіз тұрғандарды анықтай алады. Ол камера Медеу аудандық ХҚО-ға орнатылып, бүгінде бөлім ұжымы оның игі­лігін көруде. Осылайша, еліміздің аза­мат­тары бір-біріне қолдау көр­сетіп, індеттен аман-есен шығуға көмектесуде. Ынтымақ-бірлігіміз мықты болса, барлық қиындықты жеңетініміз сөзсіз!

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

378 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы