• Бизнес & Қоғам
  • 09 Шілде, 2020

Автокөліктер сатылымы қайтадан жандануда

Orbis Auto автомобиль тобының дилерлік орталықтары карантиннен кейінгі кезеңде люкс автомобильдердің сатылымын арттырды. Соңғы айлардың деректерін талдау дағдарыс кезеңінде премиум-сегменттің жаппайға қарағанда өзін еркін сезініп, дағдарысқа аз ұшырайтынын байқатты. «Люкс» сегментінің брендтері карантин кезеңінің наурыз айында тұрақты онлайн сатылымды көрсетті, ал көктемнің соңғы айының қорытындысы бойынша орташа айлық көрсеткіш деңгейін ұстап тұрды.

Коронавирус бойынша шек­теулерге байланысты онлайн сату осы көктемде даму үшін жаңа серпін алды. Атап айтқанда, Porsche сатылымы көктемде айлық орташа сату көлемінің 86% құрады, Audi 50%, ал Cadillac 12%. Көктемде сатылымның құлдырауына қарамастан (-85%), 2020 жылдың 5 айының қоры­тындысы бойынша Cadillac автомобильдерін сату өткен жыл­дың ұқсас кезеңі деңгейін сақтай алды және 43 автомобильді құрады, бұл біздің еліміз үшін жақсы көрсеткіш болып табыла­ды. «Коронавирус пандемиясы біздің компанияның сандық кеңістікке көшуін тездетті. Біз бизнес-процестерге қайта қарап, digital-маркетинг саласындағы инвестицияларды ұлғайта оты­рып, дилерлік орталықтардың барлық сайттарын онлайн сатуға бейімдедік. Осы ретте Қазақстанда автомобильдерді толықтай қашықтықтан сатуға көшу әзірге екіталай, бұл клиенттердің қалауына байланысты екенін айта кеткен жөн. Тұтынушылар үшін автомобиль тек қозғалыс құралы емес, маңызды актив болып қала береді. Сонымен қатар, біздің менталитетіміз және ұлттық ерекшелігіміз үшін автокөлікті сатып алу – белгілі бір рәсім болып табылады. Автокөлікті таңдау сатысында клиенттердің кеңейтілген онлайн-мүмкіндіктерге қызығушылық танытатынын да атап өткіміз келеді», – деді Orbis Auto бас директоры Динара Ысқақова. Көктем мезгілінің соңғы айында көптеген ірі қалаларда карантин аяқталғаннан кейін, компания Cadillac Escalade маркасы бестселлері мен флаг­манының 7 бірлігін және Audi маркасының 5 автомобилін сатты, оның ішінде Q8 ірі кроссоверінің 4 бірлігі және А6 бизнес-седанының 1 бірлігі бар, ол Қазақстанға осы жылдың көктем мезгілінің соңғы айында келіп түсті. 6 Porsche авто­көлігі сатылды, оның жартысы Panamera-ға тиесілі. Cayenne-нің Қазақстанда әрқашан флагман ретінде танылып және осылайша қала беретініне қарамастан, Porsche Center Almaty өкілдері қазақстандық сатып алушылардың құны 52 000 000 теңгеден баста­латын қуаты 243 кВт (330 л.с.) 3,0 литрлік битурбо қозғалтқышы бар Panamera 4 мерейтойлық шығарылымына қызығушылығын атап өтеді. Жайлылық пен жүріс бөлігіндегі кеңейтілген базалық жабдықтаумен, сондай-ақ қо­сымша эксклюзивті екпінмен ерек­шеленетін бұл модель Porsche сату нәтижелерін екі есе арттырды. Десек те, Orbis Auto болжамы бойынша елдің автомобиль нарығы толығымен 2019 жылғы көр­сеткіштерге тұтастай алғанда, бір жылдың ішінде келе алады, бұл, әрине, өзін-өзі оқшаулау мен карантинді қатаңдатудың екінші толқыны болмаса, себебі мұндай жағдай ахуалды қиындата түседі. Orbis Auto – Orbis Kazakhstan ком­паниялар тобының авто­мо­биль бөлімшесі, елдегі авто­­мобиль ритейлінің ірі ойыншыларының қатарына кіреді. 2012 жылдың күзінде құ­рыл­ған. Штаб-пәтері Алматыда. Orbis Auto брендінің портфелі 11 автомобиль маркасын, 1 арнайы бренд пен 1 жүк техника­сының брендін қамтиды: Toyota, Nissan, Mitsubishi, Hyundai, Cadillac, Audi, Porsche, Chevrolet, Volkswagen, JAC, Ravon, JCB, Hino. 2014 жылдан бастап компания Қазақстандағы Hino жапондық жүк автомобильдерінің ресми дистрибьюторы болып табылады. Hino Motors Kazakhstan – авто­мобильдерді және бірегей қосал­қы бөлшектерді көтерме жеткізу, кепілді қолдау, өнімді сертификаттау, дилерлерді тағайындау, сату мен сервистік желіні құру, дамыту, маркетинг және сауда маркасын жылжыту сияқты функцияларды жүзеге асыратын қазақ-жапон бірлескен кәсіпорны.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

372 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы