• Цифрлы Қазақстан
  • 09 Шілде, 2020

Мобильді байланыс несімен маңызды?

Қазақстан мобильді қаржы жүйесін дамыту бойынша немесе, басқаша айтқанда, мобильді құрылғылар арқылы төлем жөнінен Орталық Азия елдері арасында бірінші орында тұр. Статистикаға сәйкес, еліміздегі ұтқыр коммерцияның үлесі 20 пайызды құрайды, ай сайын 2,5 миллион транзакция жасалады.

Телефон ішіндегі әмиян

Нарыққа қатысушылар ұсын­ған мәліметтерге қарағанда, Қазақстанда электрондық коммерция арқылы ақшасыз төлемдерден елдегі мобильді (ұтқыр) коммерцияның үлесі 20 пайызды құрайды екен де, ай сайын 2,5 миллион транзакция жасалатын көрінеді. Неғұрлым танымал сервистер – көлікке және букмекерлік кеңселерге төлемдер. Beeline-ның Цифрлы қаржы­лық сервистері бойынша директоры Сергей Головань ұтқыр қаржылық қызметтердің терең енуі мен ойыншылар санының артуын, Қазақстанды қаржылық технологиялар үшін офшорға айналдырған, үйлестірушінің нарық ойыншыларына либерал­дық ұстаным танытуымен түсін­діреді. Мемлекет пен оператордың ұт­қыр жүйені дамытуға қызығушы­лықтары шындығында ендеп кіру үдерістеріне оңды әсерін тигізеді, деп атап көрсетеді Wooppay компаниясы Ұтқыр қаржылық сервистер бағыттарының жетекшісі Артем Тимофеев. Мәселен, көліктер үшін мо­бильді қаржы жүйесі ең көпші­лікке мәлім қызмет түрлерінің біріне айналды. «Бұдан басқа теңгерім мен банктік картаның байланыстылығы дүкендерде есеп айырысуға мүмкіндік берсе, ал әлеуметтік жәрдемақы төлемінің теңгерімге толықтырылуы пайдаланушыға банктік шот ашпай-ақ қоюға мүмкіндік береді», – дейді сарапшы. Алайда, төлем ұйымдарының банктердің делдалдығынсыз электрондық ақшалар эмиссиясы мен карталар бойынша, сондай-ақ Қазақстан банкаралық есеп айырысу орталығы (БЕАО) мобильді байланыс операторлары абоненттерінің қашықтан сәйкестендірілуі үшін лицен­зиялық рұқсатнамаларды беруі Қазақстанда мобильдік қаржы­лардың сапалы түрде артуына жағдай жасар еді, деп есептейді Beeline-ның Цифрлы қаржылық сервистері бойынша директоры Сергей Головань. Бұл ретте елімізде мобильді қаржыларды ұйымдастыру электронды ақшалардың лицензиялық талаптарымен біте қайнасуы тиіс. Оператор мынаны таңдай алады – бөгде төлем ұйымдарының қызметтерін пайдаланады немесе қажетті инфрақұрылымы бар өзінің «еншілес» компаниясын құрып алады. Ұтқыр байланыс операторлары үшін мобильді қаржыларды ұйымдастыруды дамытудың пай­дасы туралы айтар болсақ, бұл, бірінші кезекте – табыстың жаңа көзі. Бүгінгі күнге, деп атап айтады Артем Тимофеев, адамдар іс жүзінде мобильді байланысты қолданбайды, өйткені, түрліше мессенджерлердің бейне-қоңы­раулары айтарлықтай мей­лінше мәлім. Оларды тыңдап қана қой­май, әңгімелесушіні көре де аласыз. Демек, операторларға, соңғы жылдар бедерінде мобильді коммерция атқарып отырғаннан өзге, табыстың баламалы көздерін іздеу қажет. «Транзакциялық сервистер – мобильдік байланыс операторының жаңаларын тар­тудың және қазіргі абонент­терін ұстап қалудың тиімді арнасы. Мұ­нан басқа мобильді қаржыларды пайдаланушылар статистикалық негізде әрдайым (ARPU – Average Revenue Per User – белгілі кезеңде әрбір белсенді пайдаланушы­дан алынатын орташа табыс) операторға көбірек табыс әкеле­ді, – деп атап көрсетеді Сергей Головань. – Бұл ретте мобильді қаржы жүйесінің өтелімділігі оның жайғасымымен, пайдаланудағы клиенттік тәжірибесімен және тарифтерімен тығыз байланыста. Нарықтағы үздік іс-тәжірибелер бес жүз мыңнан астам адамы бар клинеттік базамен 18-24 айда зиянсыздық деңгейге жете алады».

Жетістікке жетпес пе едік, COVID-19 көмегі тиді

Рейтингтік талдаулар сайты finprom.kz мәліметтеріне сәйкес, осы жылы электрондық сауданың дамуына COVID-19 індетінің оң ықпалы тиді. Карантинді енгізу қандай да болмасын әлдебір сатып алу операцияларының интернет арқылы өткізілуі онлайн-саудалардың кеңінен танылуын арттырды. 2020 жылдың қаңтар-сәуірінде елдегі ақшасыз операциялар көлемі 2,5 еседен астам артып, 7,4 трлн теңгені (2019-шы жылы – 2,8трлн теңге) құраған. Бұл ретте осыдан бес жыл бұрын ақша­сыз төлемдер көлемі бар-жоғы 234,3 млрд теңге ғана құрапты. Бұдан басқа POS-терминалдар сауда инфрақұрылымын жолға қою, Apple Pay мен Samsung Pay жүйелерінің Қазақстан нарығына шығуы, банктердің клинеттерін бонустар мен кешбэктер арқылы ынталандыруы, сондай-ақ қоғамдық көліктің барлық түрлерінде төлемнің ақшасыз тәсілдерін белсенді қолдану да ақшасыз төлемдерді дамытуға айтарлықтай әсерін тигізді. «Пандемия мобильді ком­мерция қызметін бұған дейін пай­даланбаған жаңа абоненттердің бір бөлігін ала келді. Біз бірегей әлеуметтік төлем бойынша тран­закциялардың көп өскенін бай­қадық, төлем ыңғайлылығын бағалай білген және бізбен бірге қалған көптеген жаңа клиенттер қатарымызға қосылды. Сонымен қатар бұл жаңа сервистер мен қызметтер іске қосуды жеделдетуге мүмкіндік берді, солардың бірі – әлеуметтік жәрдемақыны ұялы телефон теңгеріміне қосу», – дейді Wooppay мобильді қаржылық сервистер бағыттарының жетекшісі Артем Тимофеев. Бүгінгі күнге электрондық сауда Қазақстан экономикасының басым бағыттарының бірі болып табылады, бұл ақшасыз төлемдер­ге, көлеңкелі сауда көлемдерін төмендетуге және кәсіпкерліктің жалпы өсіміне мүмкіндік береді. Осылайша, ҚР-дағы электрондық сау­да нарығының жалпы көле­мі 2018 жылы 1,8 есе артып, 2019 жы­лы 702 млрд теңгеге жеткен, ал бөл­шек сауда жалпы көлемінің үле­­сі 3,7%-ды құраған (2018 жылы – 2,9%), деп салыстырады finprom.kz. Нақты ішкі нарықта 2019 жылы интернет арқылы бөлшек сауда көлемі 206,3 млрд теңгеге жеткен, бұл алдындағы жылға қарағанда – 42,6%-ға артық. Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлесі 2018 жылғы 1,4%-дан 2019 жылы – 1,8%-ға ұлғайған. Өз кезегінде интернет арқылы көтерме сауданың көлемі 108,6 млрд теңгені құраған.

Сұраныс бар да, ұсыныс жоқ

Бұл ретте, Қазақстандағы мобильді қаржылық жүйе Ресейге қарағанда қолданушылар үшін неғұрлым тартымды жағдайларға ие, деп есептейді нарық талдаушылары. Ресей Федерациясында мобильді коммерцияның дамуы жаман емес, бірақ абоненттер үшін тартымсыздау. Өйткені көп жағдайда төлем үшін комиссия нақ клиенттің өзінен ұсталады. Қазақстанда қызметтердің көп бөлігі төлем шоттардың иелеріне комиссиясыз көрсетіледі, деп атап көрсетеді Артем Тимофеев. Тәжікстанда болса, банктермен және электрондық әмияндармен бірлесе отырып, мобильді коммерция енді жолға қойылуда. «Орталық Азияда мобильдік коммерцияның дамуы қызықты деп есептеледі, өйткені, мұның өзі нақты күйінде аумақтың көпшілік елдерінде жоқ та, – деп атап айтады Wooppay мобильді қаржылық жүйе бағыттарының жетекшісі Артем Тимофеев. – Яғни мобильді коммерцияның ықтимал пайдаланушылары – ұялы телефондардың иелері. Қазақстан мен Ресей нарығы ойыншылары үшін мобильді коммерция – перспективті бағыттар. Өйт­кені нарық игерілмеген, ал пай­да­­ланушылар жеткілікті. Ашы­­­ғын айтқанда, сұраныс бар да, ұсыныс жоқ. Мысалы, жиі қолда­ны­латын сервистердің бірі – жолақы төлемі, егер бұл қосылған болса, адамдар оны қуана пайдаланады». Соңғы жылдары электрондық сауданың ауқымды түрде өсуіне қарамастан, Қазақстан алдыңғы қатарлы елдерден айтарлықтай кейін қалған: мәселен, Қытайда электрондық сауда үлесі 23,7%, Еуропалық одақта – 14,8%, АҚШ-та – 10,8%, Оңтүстік Кореяда – 7,2%. Қазақстан Республикасында 2025 жылға қарай электрондық сауда үлесін бөлшек сауда тауар айналымының 10 пайызына дейін ұлғайту жоспарланып отыр.

ИСАТАЙ ҚАМБАРОВ

1219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы