• Цифрлы Қазақстан
  • 16 Шілде, 2020

Сақтандыру: Сандық жүйе шаруаның қолын ұзартты

Фермерлер ақпараттық жүйелер мен спутниктер тағайындаған алғашқы сақтандыру төлемдерін алды. Алғашқы төлемдер спутниктер бірінші кезеңде ылғал тапшылығын анықтаған Шығыс Қазақстан облысының Шемонаиха, Глубоковский және Бесқарағай аудандарында жүргізілді (15.05.2020 ж. - 15.06.20). Ылғалдың жетіспеушілігі 11 мың га алаңда тіркелді, бұл егістіктер бойынша төлем шамамен 125 миллион теңгені құрады.

Фермерлер үшін жаңа сақтандыру тетігінің қолайлылығы сонда, барлық үдеріс автоматты түрде, Qoldau порталындағы жеке кабинет арқылы өтеді. Ол – өте қарапайым, тіпті маман емес адам үшін де бірден түсінікті. – Бізде жалпы егістік алқабының көлемі 22 мың гектардан асатын екі кәсіпорын бар. Сақтандыруға біз 27 миллион теңге жұмсадық, дәл сол сома, яғни 27 миллион теңге сыйлықақыны үкімет Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы төледі. Кәсіпорындарымыздың жерлері Шемонаиха және Глубоковский аудандарында орналасқан, онда биыл құрғақшылық қаупі бар екенін байқадық. Осы ретте біз былтыр­ғы жылдан бері топырақтағы ылғал жетіспеушілігін индексті сақтандыру тетігін зерттеп-зерделеген едік. Соның нәтижесінде бұл адам факторының қатысы жоқ, қарапайым және әділ сақтандыру тетігі екенін түсіндік. Жалпы сақтандыру үдерісінің басталуы мен барысында байқағанымыздай, ол үшін комиссия құрып, жинаудың, егістік алқабына сақтандыру комиссарын апарудың қажеті жоқ және т.б. Барлық үдеріс автоматты түрде, Qoldau порталындағы жеке кабинет арқылы өтеді. Нәтижесінде, тек бірінші кезеңде төлем 85 миллион теңгені құрады. Бұл тек бірінші фаза, қазір триггерлер екінші фазада да жұмыс істеп жатыр. Яғни 15 маусымнан 15 шілдеге дейін топырақта ылғалдың жетіспеушілігі бар, мұнда да төлемдер алуға мүмкіншілігіміз бар. Сақтандырудың үшінші кезеңі 15 тамызға дейін жарамды және осы кезеңде құрғақшылық күшейе түседі деген қауіп бар. Әрине, сақтандыру төлемдері біз үшін мақсат емес, бірақ сақтандыру – бұл тәуекелдерді басқарудың тиімді әдісі, сондықтан бізде 100% адам факторы мен кез келген сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоятын осындай құрал бар екендігіне қуаныштымыз, – дейді «Айтас» агрохолдинг департа­ментінің басқарушы директоры Талғат Алдажаров. Фермер ылғал тапшылығы бар және төлем алынған алқаптардың өзінен аздаған болсын өнім жинауды жоспарлап отырғанын айтады. Жаңа сақтандыру тетігін жалпы жер көлемі 100 мың гектардан астам аумақты қамтитын 82 шаруашылық қолданды. Сақтандыру сыйлықақысы шамамен 170 миллион теңгені құрады. Мемлекет атынан шаруашылықтар үшін елу пайыздық субсидия ретінде де осындай мөлшерде қаржы төленді. Аталған сақтандыру тетігінің қолайлылығы сонда, ол – өте қарапайым, тіпті маман емес шаруа адамы үшін де бірден түсінікті. Өйткені, топырақтың құрамындағы ылғалдың мөлшеріне байланысты спутниктерден жіберілген микротолқындардың шағылысу қасиеті бар. Ылғалды және құрғақ топырақ микротолқындардың әртүрлі мөлшерін көрсетеді. Осылайша, жүйе күн сайын топырақтың жай-күйін «қадағалап отырады» және егінін сақтандырған әрбір фермер бұл үдерісті Qoldau порталындағы жеке кабинеті арқылы бақылай алады. Спутниктік деректерді Еуропаның көптеген елдерінде фермерлерге осындай қызметтерді ұсынатын голландиялық Vandersat компаниясы қабылдап, өңдейді. Бұл ретте сақтандырумен Qoldau порталында қызметі қол жетімді қазақстандық сақтандыру компаниялары айналысады. Қорыта айтқанда, сақтандырудың бар үдерісі онлайн режимінде жүреді. Фермер өзінің жеке кабинетінде егіс алқаптарын, сақтандыру компаниясын таңдайды, сақтандыру сыйлықақысын төлейді, субсидия алуға өтінім береді, топырақтағы ылғалды өлшеу үдерісін бақылайды, ылғал тапшылығы туралы хабарлама алады, электронды төлем өтініміне қол қояды және тиісінше, сақтандыру төлемдері компанияның есебіне түседі. «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ баспасөз қызметінің хабарлауынша, 9 шілдедегі жағдай бойынша 82 сақтандыру келісім-шарты жасалған, сақтандырудың жалпы сомасы – 4,4 млрд теңге, сақтандыру сыйлық­ақыларының жалпы мөлшері – 169 млн теңге. Жоғарыда аталған сақтандыру тетігі қолданылатын өндірістік үдеріске қатысатын кәсіпорындар Қазақстанның 6 аймағын, атап айтқанда Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарын қамтиды. Қазіргі уақытта Qoldau.kz порталы топырақтағы артық ылғал өнімі туралы өтініштерді қабылдауды жалғастыруда.

БЕКЕТ КӨКЕНАЙҰЛЫ

1215 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы