• Цифрлы Қазақстан
  • 06 Тамыз, 2020

Жаһандық экономикалық дағдарысқа қалай қарсы тұра аламыз?

«Microsoft» корпорациясы кәсіби дағдылар саласындағы жаңа жаһандық бастаманы жариялады. Ол бүкіл әлем бойынша 25 миллион адамға осы жылдың соңына дейін сандық дағдыларды меңгеруге көмектеседі.

Бұл COVID-19 пандемиясы­нан туындаған жаһандық экономи­калық дағдарысқа жауап ретінде жасалмақ. Сандық дағдылардың қолжетімділігі – экономиканы қал­пына келті­руді жеделдетудің маңызды қадамы, әсіресе жұмыс орнын жоғал­ту­дан зардап шеккен­дер үшін берілмек. Егжей-тегжейлі сипатталған бұл бастама қажетті лауазымға орналасу үшін біліктілікті өзгер­туге ұмтылушыларға көмек көр­сету үшін шұғыл шараларды қамтиды және компанияның барлық бөлімшелерін, оның ішінде LinkedIn, GitHub және «Microsoft»-тың қолданыстағы және жаңа ресурстарын біріктіреді. Жоғары сұранысқа ие дағдылар мен жұмыс орындарын түсіну үшін деректерді пайдалану жақсы мансаптық мүмкіндіктерге әкелуі мүмкін. Қажетті жұмысқа орналасу мақсатымен дағдыларды дамытуға көмектесу үшін 2020 жылдың соңына дейін тегін оқуға және Microsoft, LinkedIn және GitHub тегін контентіне қол жеткізу. Жыл соңына дейін салада танылған сертификаттарға арзан қол жеткізу және дағдылар мен сертификаттар алғаннан кейін адамдарға жұмысқа орналасуға көмектесетін тиімді құралдарға тегін қол жеткізу. «Microsoft» бүкіл әлемдегі ком­мерциялық емес ұйымдарға 20 миллион АҚШ доллары көлемінде ақшалай грант түрінде қолдау көрсетеді, олар мұқтаж адамдарға, оның ішінде табысы, білімі төмен адамдарға және азшылық өкілдеріне көмектесу үшін. Бұл жалпы соманың төрттен бір бөлігі (5 млн. АҚШ доллары) АҚШ-тағы түрлі-түсті қауымдастықтармен жұмыс істейтін 50 қоғамдық коммерциялық емес ұйымдарға ақшалай гранттар түрінде берілетін болады. Компания сондай-ақ, Lin­kedIn Economic Graph дерек­терін қоса алғанда, бүкіл әлемдегі мемлекеттерге қолжетімді, жер­гілікті экономикалық қажет­тіліктерді жақсы бағалау үшін неғұрлым сенімді деректер мен аналитикалық материалдарды ұсынуға міндеттенеді. «COVID-19 денсаулық сақтау саласында да, экономикада да дағдарыс туғызды, және әлем әлі қалпына келе жатқандықтан, біз ешкімнің артта қалмауын қамта­масыз етуіміз керек. «Microsoft» ресурстарын, оның ішінде LinkedIn және GitHub, адамдардың жаңа дағдыларды қалай үйренетінін және қолданатындығын қайта қарау үшін және COVID-19 байла­ныс­ты жұмыссыздыққа тап болған 25 миллион адамға болашақта жұмысқа дайын болуға көмектесу үшін жинаймыз», – деп атап өтті Microsoft бас директоры Сатья Наделла. «Бірнеше ай ішінде COVID-19 он жыл бұрын болған үлкен рецес­сияның ауқымынан әлдеқайда жоғары жұмыс орындарын жоғал­туға себеп болған сұраныстың сілкі­нуін тудырды, – деп атап өтті Microsoft президенті Брэд Смит. – Экономиканы қалпына келтіруді жеделдетудің және осы үдерістің кешенді болуын қамтамасыз ету­дің негізгі қадамы – бұл жұмысты жоғалтудан зардап шеккендерге, оның ішінде табысы төмен адамдар, әйелдер мен азшылық өкілдері үшін сандық дағдыларға оңай қол жеткізуді қамтамасыз ету». «Әлемдік жұмыс күшінің әрбір мүшесі үшін мүмкіндіктер жасау LinkedIn-де жасайтын барлық жұмысымыздың қозғаушы күші болып табылады», – деп атап өтті LinkedIn бас директоры Райан Рослански.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

1242 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы