• Билік
  • 06 Тамыз, 2020

ДАҒДАРЫСҚА ҚАРСЫ ШАРАЛАР: БЮДЖЕТ ҚАРАЖАТЫНЫҢ ЖҰМСАЛУЫ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрайымы Наталья Годунованы қабылдады.

Есеп комитетінің төрайымы Мемлекет басшысына дағда­рысқа қарсы шараларға бөлінген қар­жының жұмсалуына мониторинг жүргізу барысы және квази­мемлекеттік сектор компа­нияларының актив­терін тиімді басқаруға жүргізілген аудиттің алдын ала қорытындылары туралы есеп берді. Есеп комитеті қызметінің негізгі бағыттары бюджет қаражатының, мемлекет пен квазимемлекеттік сектор субъ­ектілері активтерінің пайдаланылу тиімділігін арттыру, сондай-ақ Қазақстан Республикасында экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету мақсатында қаржылық заң бұзушылықтардың алдын алу, яғни қаржы тәртібін нығайту болып табылады. Комитет халықтың тұрмыс жағдайы сапасының қарқынды өсуін және елдің ұлттық қауіпсіздігін қам­тамасыз ету үшін ұлттық ресурс­тардың (қаржылық, табиғи, өндіріс­тік, кадрлық, ақпараттық) тиімді және заңды басқарылуын талдау, бағалау және тексеру міндеттерін жүзеге асырады. Осы ретте Наталья Годунованың айтуынша, экономиканы қолдау­ға және пандемиямен күреске ба­ғытталған ресурстарды Есеп ко­митеті мен тексеру комиссиялары жіті бақылап отыр. Үкімет қабыл­­даған шаралардың әлеуметтік-эко­номикалық тиімділігі осы жылдың соңына дейін бағаланатын болады. Қасым-Жомарт Тоқаев Есеп комитетінің жақында өтетін отырысында аудит қорытындыларын заңнамаға сәйкес қарастыруды және мемлекеттік активтерді тиімсіз басқаруға қатысты анықталған деректер бойынша нақты ұсыныстар енгізуді тапсырды. Президенттің пікірінше, Есеп комитеті ауқымды әрі тиімді жұмыс жүргізіп отыр. Мемлекет басшысы бұл жұмыстарды жеке бақылауында ұстайтынын атап өтті. Кеңірек айта кетейік, мемле­кет­­тік аудит және қаржылық бақы­лаудың жоғары органы болып табылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларында көз­делген тікелей және түпкілікті нә­тижелерге қол жеткізуін, мем­ле­кеттік және бюджеттік бағдарла­малардың, көрсетілетін мемлекет­тік қызметтердің іске асырылуын, гранттардың, мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген қарыздардың, мемлекеттің кепіл­герліктері мен активтерінің пайдаланылуын, сондай-ақ эконо­миканың, әлеуметтік саланың немесе мемлекеттік басқарудың жеке алғандағы саласының (аясының) дамуына мемлекеттік орган мен ква­зи­мемлекеттік сектор субъектілері қызметінің әсерін бағалау мақ­сатында талдау іс-шараларын жүзеге асырады. Талдау қызметі­нің нәтижелері республикалық бюджеттің атқарылу үдерісін, орталық мемлекеттік органдар мен бақылау объектілерінің қызметін жақсарту, сыртқы мем­лекеттік қаржылық бақылау жүргізудің сапасын, бюджет пен қаржы тәр­тібін арттыру және Қазақстан Респуб­ликасының заңнамасын жетілдіру жөнінде бақылау объекті­леріне берілетін ұсынымдар үшін негіз болады.

472 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы