• Бизнес & Қоғам
  • 13 Тамыз, 2020

Бес ауыл стартап грантын иеленді

«Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базис» ҚБ халықтың әлеуметтік осал топтарындағы адамдарды кәсіпкерлік негіздеріне оқытуға бағытталған «Бизнес-идеяларды дамыту орталығы» әлеуметтік жобасының қорытындысын шығарды.

Жобадағы 25 қатысушының 5-еуі өз бизнес-идеяларын одан әрі дамытуға гранттар алды. Жоба 2017 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС қолдауымен жүзеге асырылады және осы уақыт ішінде өз бизнесін ашуды қаласа да, бірқатар себептермен оны бастай алмағандар үшін нағыз әлеуметтік демеу болды. «Бизнес идеяларды дамыту орталығы» жобасы аясында жыл сайын байқау негізінде өз бизнесін ашуға ниеті мен идеясы бар 25 қатысушы іріктеледі. 6 ай бойы жоба қатысушылары бизнес-жоспарларды әзірлеу, бизнесті жүргізу, маркетинг және салық салу негіздеріне оқытылады. Ал оқуды аяқтағаннан кейін байқау өткізіледі, онда комиссия мүшелері – Іле ауданы әкімдігінің және «Ата­мекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кәсіп ашуға қаржылай қолдау көрсету үшін үздік жобаларды таңдайды. Биыл көптеген қызықты биз­нес-идеялардың ішінен комиссия 5 финалистті анық­тады. Олар – Темірлан Рақыш «Мал шаруа­шылығын кеңейту үшін ұсақ қара мал өсіру» жобасымен; Дәрігүл Бекнұсқаева «Тауық өсіру және құс күркесін ұйымдас­тыру» жобасымен; Карима Нұрға­былова – «Ешкі сүтін өндіру үшін ешкі сатып алу» жобасы­мен; Бауыржан Сәрсембай – «Велосипедтерді, самокаттар мен электромобильдерді жалға беру пунктін ұйымдастыру» жобасы және Жеңісгүл Дәулетова «Тігін цехына жабдық сатып алу» жоба­сымен. «Жеңімпаздарды таң­дау­дың негізгі критериі – сапалы презен­тация, жобаны қорғау және оның тұрақтылығы. Сонымен қатар, грант бөлінгеннен кейін біз алға қойылған мақсаттарға қол жеткізуде қолдау көрсетеміз. Біздің барлық жобаларымыз аудан басшылығы тарапынан қолдау тауып, тұрғындар тарапы­нан түсіністікке ие болуда», – деп атап өтті «Болашақ әлеумет­тік-аза­маттық базис» ҚБ құрылтай­шысы және негізін қалаушысы Роза Әбілова. «Бизнес идеяларды дамыту орталығы» жобасының автор­лары жағымды үрдіс ретінде қатысушылар топтары жыл сайын гендерлік, жас және әлеуметтік құрамы бойынша әр түрлі болып келетінін алға тартады. Мысалы, осы жылдың жеңімпаздары арасындағы алты баланың анасы, «Күміс алқа» иегері Дәрігүл Бекнұсқаева: «Жобаның арқасында мен тегін және сапалы білім алып, шағын бизнесті бастау­ға мүмкіндік алдым. Менің ойым­ша, біздің жоспарлар мен талпы­­нысымыз болашақта іске асады», – деді. Жобаны ұйымдастырушы­лар оқуға қатысуға барлық ниет білдірушілер, сонымен қатар ерекше қажеттіліктері бар азамат­тар да өтініш бере алатын­дығын атап өтті. Мысалы, байқауға қаты­су­шылардың бірі, мүмкіндігі шектеулі қолөнер шебері оқудан өтіп, байқау финалистері арасынан табылды және жақын арада өзінің тігін цехын ашуды жоспарлап отыр. «Маған бұл жобаға қатысу өте ұнады және ұйымдастырушыларға осындай мүмкіндік үшін ризашы­лығымды білдіремін. Финалис­терге сәттілік пен алға қойған мақсат­тарға қол жеткізуді тілей­мін», – дейді Жеңісгүл Дәулетова. Жобаның барлық фина­листері 400 000 теңге көлемінде гранттар алды, сондай-ақ бизнесті мемле­кеттік орган­дарда тіркеуге және мемле­кеттік бағдарламалар есебі­нен қосымша қаражат тартуға көмек алды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы