• Аймақ
  • 13 Тамыз, 2020

Көркейіп келе жатқан өңір – келісті өмір

Түркістан қаласында былтыр отырғызылған алма ағаштары жеміс бере бастады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев шаһардағы бау-бақшаға бөленген ерекше саябақтарды аралады.

Облыс әкімінің тапсырма­сымен саябақтар мен орталық көшелердің бойына жеміс ағаштары отырғызылған бола­тын. Жасыл желекке бөлен­ген көне қалада көгалдан­дыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінеді. Аймақ басшысы Нұр-Сұлтан алаңы, оқушылар сарайы, ашық стадион, цифрлық кеңсе мен бассейні бар спорт кешені, қалалық саябақтардағы абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Жобаларды іске асыру барысы туралы Өмірзақ Естайұлына Түркістан қаласының әкімі Рашид Аюпов баяндады. Облыс әкімі құрылысы аяқталуға таяған нысанда­рынды аралап, мердігер компа­ниялардың өкілдеріне нақты тапсырмалар жүк­теді. Әкімшілік-іскерлік орта­лығында бой көтерген бірқатар жаңа нысанды алдағы күзде пайда­лануға тапсыру көзделген. Басқармалар ғимаратының құрылыс-монтаж жұмыстары толығымен аяқталып, жиһаз­дары орналастырылуда. Департаменттер ғимара­тының сырты абаттан­дырылып, қасбетіне ою-өрнек орнатылуда. Конгресс орталығында да жұмыс қызу жүріп жатыр. Құрылысқа 300-дей жұмысшы жұ­мылдырылған. Рухани-мәдени орталықтағы жаңа нысандардың қасбеті қапталып, ішкі әрлеу жұ­мыстары жүргізілуде.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

32423 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы