• Аймақ
  • 13 Тамыз, 2020

Сатушылардың жауапкершілігі қандай?

Қазақстанның Сауда кәсіпорындары қауымдастығы (ҚСКҚ) «Adal Nietpen» жобасы аясында құрамында никотині бар өнімдерді сату тақырыбында дүкен сатушылары арасында сауалнама жүргізді.

Сауалнама сұхбат әдісімен Қазақстан қалаларындағы 400 дүкен сатушысы арасында өткізілді. «Зерттеудің кейбір көрсеткіштері «Adal Nietpen» жобасының тиімді­лігін өлшеу үшін негізгі индика­торлар­ды сипаттайды. Ең бастысы, сатушының жасөспірімге никотині бар өнімді сату туралы шешімінің артында не тұр, осы сауалнаманың қорытындысы бізге жағдайды толығырақ түсінуге мүмкіндік берді», – деп атап өтті ҚСКҚ басқармасы­ның вице-президенті Жібек Әжібаева. Нәтижесінде сатушылардың тек 37%-ы кәмелетке толмаған­дарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды қазіргі күнгі темекі шегуге қарсы күрестің тиімді шарасы деп санайды. Сатушы­лардың көпшілігі (55%) ҚР сауда нүктелерінде кәмелетке толма­ған сатып алушыларға темекі өнім­дерін сатуға тыйым салу толық көлемде сақталады деп санайды. Бұл ретте әрбір бесінші сатушы жағдайдың керісінше екеніне сенімді. Сатушылардың пікірінше, кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сатуға тыйым салуды сақтамаудың негізгі себебі – қаржылық себептер және табыс алу қажеттілігі (47%). Сатушылардың едәуір бөлігі (37%) темекі шегу мен нико­тинге тәуелділікпен күресудегі дүкен сатушыларының рөлін маңызды емес деп санайды. Сұралған сатушылардың 53%-ы өз қаласының дүкендерінде кәмелетке толмағандарға темекі өнімдерін сату жағдайлары туралы естіген. Сатушылардың 54%-ы кәмелетке толмаған сатып алушыға темекі өнім­дерін сатудан бас тар­тылса, олар өнімді басқа дүкеннен сатып ала алады деп санай­ды. Сатушылардың 20%-ы тыйымды бұзған сатушылар бұған жиі жауап береді деп санайды. Көптеген сатушылар (91%) темекі өнімдерін сату ережелерінің толық сақталуын мәлімдейді. Егер әлеуетті сатып алушының жасын анықтау қиын болса, 10 сатушының 9-ы жеке куәлікті көрсетуді сұрайды екен. Сонымен қатар, сатушылар­дың темекі өнімдерін сатқаны үшін жауапкершілігі туралы пікірлер екіге бөлінді: сауал­намаға қатысу­шылардың 50%-ы сатушы кәме­летке толмағандарға темекі өнім­дерін сатқаны үшін жауапты болуы тиіс деген пікірді ұстанады, 46%-ы олардың жауапкершілік аясына тек дүкенде тауарды сату кіреді және балалар арасында темекі шегуге қарсы күрес үшін ата-аналар мен мемлекет жауапты деп санайды. Сондай-ақ, сатушылар маңыз­ды рөл атқарады, өйткені жас сатып алушылар оларға тыйым салынған өнім­дерді сатып алуға келеді. Дүкен­дердегі сатушылар – бұл бала­лар темекі мен құрамында никотині бар өнімдерге қол жеткізе алатын «көпір», сондық­тан «Adal Nietpen» жоба­сы бөлшек сауда өкілдеріне сатып алушының жасын ба­қы­­лаудың маңыздылығын, сондай-ақ олардың кәмелетке толмағандардың болашағына ықтимал әсерін еске салуға бағытталған. «Кәмелетке толмаған сатып алушылар – бұл тәжіри­бе­сіз­дігіне байланысты өмірл­рінде көптеген жылдарға созы­ла­тын зиянды әдеттерге ие болатын аңғал жасөспірімдер. Сатушыларды біздің қозға­лысқа қосыла отырып, өскелең ұрпаққа жауапкершілікпен қарауға шақырамыз», – деді ҚСКҚ атқарушы директоры Ермек Рахметов. Осы жылдың жаз мезгілінің алғашқы айында жүзеге асқан жоба шағын бөлшек сауда өкіл­деріне, соның ішінде дүкен иелеріне, кассирлерге және құра­мында никотині бар өнімдер мен кәмелетке толмағандар ара­сында көпір бола алатын барлық адамдарға бағытталған. Қазақстанда халықтың 22 пайызы шылым шегеді. Бұл – әлемдегі темекі тартудың ең жоғары көрсеткіштерінің бірі. Темекіге қарсы Еуразиялық коалиция сарапшыларының пікірінше, дүкен сөрелерінен темекі жарнамасы алынып тас­талса, зиянды әдетке әуес­тердің саны азаяды. Рас, жаңа енгізілген норма қоғам санасына толықтай әсер етуі үшін бес жылдай уақыт қажет. Осы аралықта шылымды ермек еткендер саны бес пайызға дейін төмендейді. Жалпы, халық денсаулығын қорғау жолында жақында ғана темекі өнімдерін сату және жарнамалауға қатысты жаңа заң қабылданды. Жаңа ереженің бір шарты – енді сатушылар темекі алатындардың жеке куәліктеріне қарауы керек. Айта кету керек, Қазақ­станның Сауда кәсіпорындары қауымдас­тығы – 1999 жыл­дан бері жұмыс істеп келе жатқан Қазақстанның сауда және қызмет көрсету саласы кәсіпорындарының қоғамдық коммерциялық емес бірлестігі. Бүгінгі таңда Қауымдастықтың 14 облыста, Алматы және Астана қалаларында, сондай-ақ Қырғыз­стан Республикасында – Бішкек қаласында, Ресейде – Омбы және ҚХР-да – Үрімші қалаларында өз филиалдары мен өкілдіктері бар. Қауымдастыққа 100 мыңнан астам жеке тұлға­ларды біріктіретін 40 заңды тұлға кіреді.

Нұрлан ҚҰМАР

32350 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы