• Аймақ
  • 20 Тамыз, 2020

Алтыншы «сервистік әкімдік» ашылды

Таразда сервистік әкімдіктің жаңа кеңсесі ашылды. Мұнда облыс орталығының тұрғындарына ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, құрылыс, дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтер ұсынылатын болады.

Фронт-офистің жұмы­сымен аймақ басшысы Бердібек Сапарбаев танысты. «Open space» форматындағы сервистік әкімдік жобасын Тараз қаласының әкімдігі Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментімен бірлесіп «Жамбыл – адалдық алаңы» жобасы аясында жүзеге асырған. «Мұнда қала тұрғындары нақты уақыт режимінде өз өтініштері бойынша ұсыныстар мен жауаптар ала алады. Жобаның басты мақсаты – мемлекеттік органдардың халыққа қол­же­­тімділігін арттыру және кедергісіз кеңістікті қалып­тас­тыру», – деді Тараз қаласы әкімі аппаратының мемле­кеттік қызметтерді дамыту бөлімшесінің басшысы Меруерт Молдағалиева. Қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдері базасында «Open space» форматында жұмыс істейтін алғашқы сервистік әкімдіктің жоғары тиімділігі атап өтілді. Онда бөлімдер ар­тық бюрократиясыз тікелей байланыс арқылы 17 мемле­кеттік қызмет көрсетеді. Жаңа сервистік әкімдік сұранысы жоғары 20-дан астам мемлекеттік қызметті ұсынатын болады. Б.Сапарбаев жаңа тұжы­рым­дамамен танысып, жедел­дік пен нәтижелілік – әкімдік қызметіне қойылатын бас­ты талап екенін атап өтті. Сон­дықтан өтініштерді қарастыру, оны қызметкерден екінші қызметкерге жолдау ұзақ уақытқа созылмауы тиіс. «Азаматтар қысқа мерзімде жауап алуы тиіс. Сондай-ақ кері байланысқа барынша көңіл бөлу керек. Егер сіз біреудің өтінішін қанағаттандырудан бас тартуға мәжбүр болсаңыз, оның себебі мен оған қажетті нәтижеге қалай қол жеткізуге болатынын түсіндіріңіз», – деді аймақ басшысы.

32482 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы