• Білім & Ғылым
  • 27 Тамыз, 2020

Балалар оқуға дайын болуы тиіс

Түркістан қаласында «Мектепке жол» республикалық акциясы өтті. Аталған шара әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған көпбалалы отбасыларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, балаларды мектепке дайындау мақсатында ұйымдастырылды.

Шара аясында Nur Otan партиясы Түркістан облыстық филиалы мектепке қажетті құралдарды жабдықтауға қаржылай көмек көрсетті. Акцияға арнайы қатысқан партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Бейсенбай Тәжібаев жас өрендерге жаңа оқу жылы табысты өтсін деген тілегін жеткізді.
Республикалық акция аясында Түркістан қаласындағы жартылай жетім, аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан 50 бала көмекпен қамтылды. Оқушыларға есеп және жазба дәптерлері, сурет салуға арналған сызба альбомы мен түрлі-түсті қима қағаздары, жазу-сызуға арналған құралдар мен желім және өзге де заттар салынған мектеп сөмкелері табысталды.
Бұл көмекті үйлестіруге жасотандық белсенділер де өз үлесін қосты. Jas Otan жастар қанаты Түркістан облыстық филиалының төрағасы Жансерік Жұманның айтуынша, мұндай игі бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.

371 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы