• Үкімет
  • 27 Тамыз, 2020

Сапалы шара, салмақты шешім: Экономика салалары нық қолдау табады

Үкімет кезекті отырысында еліміздің 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамын қарады. Бұдан бөлек, ағымдағы егін жинау жұмыстарының барысы баяндалды. Жиынды басқарған Премьер-министр Асқар Мамин күн тәртібіндегі мәселелер бойынша тиісті нұсқаулар берді.

Селекторлық отырыста еліміздің 2021-2025 жыл­дар­ға арналған әлеуметтік-эко­номикалық даму бол­жа­мы, «ҚР Ұлттық қорынан 2021-2023 жылдарға арналған кепілден­дірілген трансферт туралы», «2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» ҚР заңдарының жобалары, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2021 жылға арналған нысаналы трансферт бөлу туралы» ҚР Президенті Жарлығының жобасы қаралды.
Fitch рейтингтік агенттігінің биылғы тамыздағы деректеріне сәйкес Қазақстанның инвести­циялық сенімділігі ВВВ – тұ­рақ­ты. Бұл дағдарысқа қарсы шаралар уақытында қабылданып, құрылымдық реформалар табысты жүргізілгендігін білдіреді. Сонымен бірге ел экономикасының тұрақтылығын, мемлекеттік қа­рыз­дың төмендігін, Ұлттық банк жүргізетін ақша-несие саясатының тиімділігін және фискалдық резервтердің едәуір көлемін көр­сетеді. Қазірде аталған рейтинг мемлекеттердің 60 пайызында төмендеп отыр. Қазақстанның 2021-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық даму болжамына сәйкес, болжанатын кезеңге ІЖӨ орташа жылдық өсу қарқыны 4%-ті құрайды. Атаулы ІЖӨ 2021 жылы 76,7 трлн теңге­ден 2025 жылы 104,8 трлн теңгеге дейін өседі. Ұлттық банк жылдық ин­фляцияның нысаналы дәлізін 2021 жылы 4-6% шегінде сақтап, кейіннен 2025 жылы 3-5%-ке дейін төмендетуді болжайды. 2021 жылға арналған республикалық бюджетте шығыстардың жаңа бастамалары көзделген, оның ішінде педагог пен медицина қызметкерлерінің мәртебесін көтеру, олардың жалақысын арттыру, МӘМС-ке мемлекет жарналары, орта білім беру ұйымдарында жан басына қаржыландыру, халықты сапалы ауыз сумен қамту, газдандыру, жергілікті маңызы бар жолдарды дамыту, жастар мен көпбалалы отбасыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету бар.
«2021 жылы Қазақстанда ішкі жалпы өнімнің нақты өсімін 2,8 пайыз деңгейінде болжап отырмыз. Қазір экономика салаларын қолдау жөніндегі жоспарланған шараларды сапалы іске асыруымыз керек, үйлесімді әрі жедел шешімдер қабылдауымыз қажет. Қазіргі жағдайды ескере отырып, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін ел бюджеті­нің жобасы қалыптастырылды. Онда қарастырылған қаражат мемлекеттің барлық әлеуметтік міндеттемелерін толық көлемде орындауға мүмкіндік береді», – деді А.Мамин.
Осы ретте Үкімет басшысы Парламентке аталған заң жобалары мен әлеуметтік-экономикалық даму болжамын белгіленген мер­зімде енгізуді қамтамасыз етуді тапсырды.
Биыл елімізде 18 млн тонна астық жинау жоспарланған. 22,7 млн га жерге егін егілді, бұл 2019 жылғы деңгейден 439 мың гектарға артық. Дәнді дақылдар 15,9 млн га (оның ішінде бидай – 12,1 млн га), майлы дақылдар 2,9 млн га, мақта 125,8 мың га, қант қызылшасы 20,9 мың га, көкөніс-бақша өнімдері және картоп 457,4 мың га, жемшөп дақылдары 3,3 млн га алқапқа егілді. Қазіргі уақытта барлық өңірлер жаппай егін жинауға кірісті. Егін жинау жұмыстарын жүргізу үшін арзандатылған дизель отынының қажетті көлемі – 395 мың тонна (ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер үшін орташа баға – шамамен 147 теңге/литр) анықталды. Республикада 145 мың трактор, 75 мың трактор тіркемесі, 38 мың астық жинау комбайны, 15 мың дестелегіш, 39 мың жүк автомобилі бар. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қолдау үшін «Аграрлық несие корпорация­сы» АҚ республикалық бюджеттен 70 млрд теңге көлемінде бюджеттік несие бөлді, олар 3,4 млн га егіс алқаптарын қамти отырып, толығымен АӨК-тің 2400 субъектісіне берілді. Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы аясында 100 млрд теңге бөлінді, сондай-ақ Азық-түлік келісімшарт корпорациясы ауыл шаруашылығы өнімдерін форвардтық түрде сатып алды.
«Үкімет тарапынан егін жинау жұмыстарын қаржылай және материалдық-техникалық қамтамасыз ету үшін барлық қажетті шешімдер қабылданды. Жалпы алғанда, қолға алын­ған шаралар есебінен осы жылы астық­тың болжамды жалпы жиналымы 18 млн тонна деңгейінде (2019 жылға қарағанда 3,4% өсім) жоспарланып отыр. Қазақстан өзін астықпен толық қамтамасыз етеді. Экспорт әлеуеті де жақсы болады», – деді А. Мамин.
Үкімет басшысы астық жинау жұмыстарын сапалы әрі уақытылы жүргізу, ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерді жанар-жағармай материалдарымен қам­тамасыз ету, сонымен қатар жи­налған өнімді уақытылы қабыл­дау және тиісті сақтау жағ­дай­ларын ерекше бақылау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдауды тапсырды.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

207 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы