• Ақпарат
  • 02 Қыркүйек, 2020

Татарстаннан гуманитарлық көмек жетті

Таяуда «Добро-Соседство» акциясы аясында елімізге Ресейдің Қазан және Орынбор қалаларынан гуманитарлық көмектің жаңа партиясы жетті.

Гуманитарлық көмектің жаңа партиясын Алматы қаласына Татарстан мен Орынбордың «Институт исследований Цен­траль­ной Азии» және «Содру­жес­тво народов Евразии» ком­мерция­лық емес ұйымдары бір­лесіп жіберді.
«Институт исследований Центральной Азии» коммерция­лық емес ұйымының атқарушы директоры Марат Сафинның айтуынша, Қазан және Орынбор Қазақстанға 9 мың медициналық бетперде, 2 мың медициналық қолғап және 1 мыңнан астам антисептик жіберуде.
Алматы қаласында гумани­тарлық жүкті Ә.Х.Марғұлан атын­дағы археология инс­титуты қабылдады. Ес­те­ріңізге сала кетейік, «Добро-Соседство» акциясы биылғы жылдың шілде айынан бастап іске асырылуда. Акцияның ұйым­дастыру­шы­лары Ресейдің Астрахань, Екатеринбург, Саратов, Орын­бор, Қазан, Уфа қалалары­ның коммерциялық емес ұйымдары.
Акцияның жалғасуымен байланысты оның география­сы да кеңейді. Тамыз айында ресейлік қоғамшылдар гума­ни­тарлық көмекті Өскемен, Павлодар, Ақтау, Ақсай және Алматы қалаларына жіберуде. Бұл жолы гуманитарлық көмек тізімі қорғаныс костюмдерімен толықтырылды. Жүктің жалпы құны 5,8 миллион теңгеден астам соманы құрайды.

АЙЖАН ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

346 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы