• Қаржы
  • 02 Қыркүйек, 2020

Бюджет шығындары 9 трлн теңгеге жеткен

Короновирус індеті талай елдің экономикасына залалын тигізіп қана қоймай, бүкіл қоғамдық құрылымдар мен адамдардың қарапайым тыныс-тіршілігін шайқалтып кеткені рас. Алайда, біраз мемлекеттер қатарында Қазақстанда да халық жағдайына жете көңіл бөлінді. Атап айтқанда, жыл басынан бері жұмсалған шығындардың 55%-ы әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамтамасыз етуге, білім беру мен денсаулық сақтау салаларының еншісінде деп жазады Finprom.kz өзінің сайтында.

2020 жылдың қаңтар-шілдесінде мемлекеттік бюджеттің шығындары, бір жылда 23,8%-ға артып, 8,9 трлн теңгеге жеткен.
Осы шілде айында 1,5 трлн тг жұмсалған, бұл – бұдан бір ай бұрынғыдан 11,4%-ға, ал былтырғы шілдедегіден 23,7%-ға артық (Инфографика).

Инфографика
Жыл басынан бері мемлекет шығын­дарының неғұрлым көлемді бөлігі әлеу­меттік көмек пен әлеуметтік қамта­масыз етуге жұмсалған: 2,2 трлн тг: бір жыл бұрынғыдан 14,2%-ға артық. Шілдеде аталған салалар сегментінің шығындары – маусымдағыдан 3,6%-ға, ал бір жыл бұрынғыдан 15,4%-ға артық – 323,9 млрд тг-ні құраған.
Мемлекет шығындарының білім беру саласы еншісіне 19,4% жұмсалған: бір жыл бұрынғыдан 32,3-ға артық, яғни 1,7 трлн тг бұйырыпты. Шілдеде осы сегментке мемлекет қаржысының 197 млрд тг-сі бөлініпті.
Мемлекет бюджеті шығындарының негізгі бағыттары арасында денсаулық сақтауға бөлінген шығындарды айта кеткен орынды. Жыл басынан бері мұнда 1 трлн тг – бір жыл бұрынғыдан 42,1%-ға көбірек жұмсалған. Осы саланың шығындары шілдеде 130,8 теңгені құрапты – ағымдағы жылдың маусымына қарағанда 9,4%-ға кем.
Жеті айдың қорытындылары бойынша мемлекет бюджетінің шығындары 98,6%-ға, республика бойынша шығындар – 99,1%-ға, жергілікті бюджеттер – 98,5%-ға орындалған деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігі. Қаржы игерілмеуінің негізгі себептері – конкурстық рәсімдеулер мен келісім-шарттар жасау процестерінің ұзақ өткізілуі, орындалған жұмыс актілерінің дер кезінде ұсынылмауы, карантиндік шектеулерге байланысты тауарлардың жеткізілмеуі, іс жүзінде көрсетілген қыз­меттер көлеміне ақы төлеудегі кемші­ліктер (Таблица).

Таблица

 

 

Исатай ҚАМБАРОВ

419 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы