• Қаржы
  • 09 Қыркүйек, 2020

Елімізден ақша жылыстауы артқан

Ұлттық банктің мәліметтері бойынша шілде айында ақша аударымдары жүйесі бойынша (ААЖ) Қазақстаннан 66 млрд теңгеден астам өзге елдерге жөнелтілген, ал дәл осындай жолмен бізге келіп түскен қаржы көлемі 25,6 млрд теңгені құрапты. Бұл көрсеткіштер арасындағы айырмашылық тарихта аса жоғарыларының бірі болып табылды.

Соңғы айлардағы ерекшелік­тердің бірі – Қырғызстанға ақша аударымдарының артуы. Ұлттық банктің мәліметтеріне сәйкес:
• мамырда осы бағытта ААЖ көмегімен 18,9 млрд теңге;
• маусымда – 26,4 млрд;
• шілдеде 13,2 млрд теңге ба­ғыт­талған.
Салыстырар болсақ, 2019 жылы Қырғызстанға орташа ай сайынғы аударымдар көлемі 7,3 теңгені (бірде-бір рет тіпті 10 млрд теңгеге де жетпеген) құраған. Жалпы алғанда, мамырдан бастап шілдеге дейінгі кезеңде осы бағытқа өткен жылдың осындай кезеңіне қарағанда 2,6 есе көп қаржы аударылыпты.
Бұл жерде мұның ескерер бір ғана сыры – шекаралардың жабық болғаны. Егер әдеттегі уақытта ақ­шаны қолма-қол алып өту мүмкін болса, карантин жағдайында қар­жыны жөнелтудің басқадай онша көп мүмкіндіктері де болған жоқ. Бұл тізбедегі серпіннен де аңғарылады – карантиндік шаралардың жұм­сартылуымен ААЖ арқылы аударымдар көлемі де азая бастаған.
Аударымдар көлемі басқа да негізгі бағыттар бойынша өскен.
• Үш айда Ресейге ААЖ арқылы 64 млрд теңге, бұдан бір жыл бұрынғыдан – 4,2%-ға артық жылыстапты.
• Өзбекстанға аударымдар 11,2%-ға – 50,7 млрд теңгеге дейін артқан.
• Түркияға 36,9 млрд теңге, бұл – 2019 жылдың мамыр-шілдесінен 74,1%-ға артық.
Жалпы алғанда, шілдеде Қазақ­станнан басқа елдерге жалпы кө­лемде 66,1 млрд теңге аударылған. Бұл 2019 жылдың осындай айына қарағанда 3,8%-ға артық. Алайда, маусым айымен салыстырғанда көрсеткіштер бірден 29%-ға немесе 26,7 млрд теңгеге құлдыраған (1-инфографика).

Tenge Monitor

Кореядан аударымдар азайған

Шет елдерден аударымдарға қатысты айтар болсақ, мұндағы сер­пінде өзгеріс жоқ. Міне, қата­рынан 14 ай Қазақстанға өткен жылдың осындай айына қарағанда қаржы азырақ түсуде. 2020 жылдың шілдесінде республикамызға 25,6 млрд теңге, бұдан бір жыл бұрынғыдан 14%-ға аз жөнелтіліпті. 2020 жылдың маусымымен салыстырғанда да 2,5%-ға төмендеу байқалып отыр.
Жекелеген алыс шет елдерден аударымдар өсімі назар аударарлықтай. Мәселен, шілдеде АҚШ-тан Қазақстанға ААЖ арқылы 2,27 млрд теңге (бұдан бір жыл бұрынғыдан 15,5%-ға артық) жеткізіліпті. Германиядан аударылымдардың жылдық өсімі 69,5%-ды – 1,66 млрд теңгеге дейін құраған. Айта кету керек, екі жағдайда да аударымдардың көлемі кем дегенде 2017 жылдың басынан бергі ең жоғары деңгейден табылыпты.
Екінші жағынан, Кореядан да аударымдар төмендеуде. Шілдеде олар 4,1 млрд теңгені құрапты – 2018-2020 жж. әдеттегі көлемінен айтарлықтай төмен. Өткен жылдың осындай айымен салыстырғанда аударымдар 26%-ға (маусыммен салыстырғанда – 18%-ға) құлдыраған (2-инфографика).

Tenge Monitor


Қазақстанға жөнелтілген аударымдар бойынша Ресей көшбасшы боп қалып отыр. 2020 жылғы шілдеде олардың көлемі 8,2 млрд теңгені құраған – бір жыл бұрынғыдан 30%-ға кем, есесіне маусым айындағы деңгейден 7%-ға көбірек. 5 айда алғаш рет бізге жеткізілген қаржының жалпы көлеміндегі РФ үлесі 30%-дан асқан (3-инфографика).

Tenge Monitor

Донор рөлі әлі де күшінде

Қазақстанның бірінші карантиннен кейін күрт күшейген донор ретіндегі рөлі біртіндеп төмендеуде. Мәселен,
• мамыр айында шет елге өзімізге келгенге қарағанда 3,46 есе көбірек қаржы жөнелтілген. Айырмашылығы 50,2 млрд теңгені құрапты;
• маусымда көрсеткіштер 3,53 есе және 66,5 млрд теңгені құраған;
• шілдеде – 2,58 есе және 40,5 млрд теңгені құрапты.
Алайда, осынша төмендеуге қарамастан, жөнелтілген және жеткізілген қаржылар арасындағы мұндай айырмашылық өте жоғары күйде қалып отыр – Қазақстанға келгеннен, 2019 жылы орта есеппен 90%-ға артық кетіп жатса, осы жылдың қаңтар-сәуірінде – 86%-ға артық қаржы шет елдерге асыпты.

Исатай ҚАМБАРОВ

356 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы