• Мәдениет & Спорт
  • 17 Қыркүйек, 2020

Шын мықтыға тұсау жоқ

Футболдан Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат Ресей біріншілігінде өнер көрсететін «Химки» командасымен маусым соңына дейін келісімшарт жасады.

Жартылай қорғаушы 20 нөмірмен өнер көрсететін болады.
«Химки» Ресей бірінші­лігінің алтыншы турынан кейін үш ұпай жинап, турнир кестесінде 15-ші орында келеді. Айта кетейік, «Химки» сапында И.Қуаттың «Қай­ратта» бірген ойнаған коман­даласы Дмитрий Хомич те өнер көрсетеді.
Биылғы жылдың басында И.Қуат «Қайраттан» ресейлік «Оренбург» командасына ауыс­қан еді. Бұл команданың сапында ол бірнеше кездесу өткізді. Бірақ оның командасы Ресей Премьер-лиигасынан шығып қалып, бірінші дивизионға жолдама алды. Содан кейін футболшы мен команда екіжақты келісім бойынша шартнаманы бұзды.
Соңғы екі айда Қуат клубсыз жүрді. Оған Ресейдің және Түркияның бірнеше командасы қызығушылық та білдірді. Осы аралықта ол Қазақстан құрамасы сапында ойнап үлгерді. Ол жақында УЕФА Ұлттар лигасында Литваға қарсы кездесуде екінші таймның 83-ші минутында алаңға шығып, көп ұзамай 3 минуттан соң, яғни 86-шы минутта қарсыластың қақпасына гол соққан еді. Беларусь құрамасымен өткен ойында да ол екінші таймда алаңға шыққан болатын. Бірақ қақпаға дәл соққы жасай алмады.
Өз кезегінде футболдан Қазақстан құрамасы мен ЦСКА командасының жартылай қорғаушысы Бахтиер Зайнутдинов жарақатынан айығып шықты.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

154 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы