• Ақпарат
  • 17 Қыркүйек, 2020

Ел боламын десең – бесігіңді түзе

11 қыркүйекте ҚР ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның қатысуымен Отбасы күні аясында ұлттық тәрбие беру мен отбасы құндылықтарын нығайту мәселелері бойынша онлайн режимде дөңгелек үстел болып өтті.

Іс-шараның мақсаты – бала тәрбиесіндегі ата-ананың, мектептің және қоғамның рөлін анықтау, балаларға білім беру мен тәрбиенің өзекті мәселелеріне назар аудару.
Дөңгелек үстелге мемлекет және қоғам қайраткер­лері, ақындар мен жазушылар, педагогика қауым­дастығының, үкіметтік емес ұйымдардың, мүдделі мемлекеттік органдардың, БАҚ-тың өкілдері қатысты.
Өз сөзінде министр: «Әр­бір жанұядағы жетістік те, кемшілік те – қоғамның ортақ көрсеткіші. Мемлекетшіл азамат қашанда отбасынан алған тәрбие мен жалпы қоғамдық құндылықтардан қалыптасатыны белгілі», – деп атап өтті.
Сонымен қатар А. Балаева пандемия кезінде бала тәрбиесіндегі отбасы мен ата-ананың жауапкершілігінің арта түскендігін атап өтіп, уақыт отбасы құндылықтарын жаңа қырынан қарауды талап етіп отырғанына тоқталды.
Жиынға қатысушылар ұлттық тәрбие, отбасылық құндылықтар бағытын ескеріп, телеарналардағы бағдарламалар контентін қайта қарау, орта және жоғары оқу орындарында отбасылық өмірге дайындайтын қосымша курстар өткізу қажеттігін айтты.
Сөз соңында министр іс-шараға қатысқан бар­лық спикерлерге алғыс білдіріп, отбасы тәрбиесін ұлттық құндылықтармен үйлесімде жүзеге асыру бағытын, ұлттық идеологияны дамыту мәселелері бойынша айтылған ұсыныстарды жұмыс барысында ескере­тіндігін жеткізді.

592 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы