• Бизнес & Қоғам
  • 17 Қыркүйек, 2020

Елімізде балмұздақ бизнесі дамып келеді

Алматыда еліміздегі балмұздақ мау­сымын қорытындылауға арналған онлайн-конференция өтті. Онлайн-конференция барысында «Шин-Лайн» компаниясы балмұздақ санатының директоры Дмитрий Докин маусымның қорытындылары, ағымдағы жағдай, Қазақстанда және шетел нарықтарында балмұздақ сату, карантин кезеңіндегі кәсіпорынның жұмысы мәселелеріне және пандемия кезеңінде компания іске асырған дамудың жаңа әдіс-тәсілдеріне тоқталды. Сондай-ақ сарапшы журна­листердің сұрақтарына жауап берді.

Отандық балмұздақ өндіру­шілер үшін бұл күрделі жыл жалпы алғанда әр түрлі жолмен дамуда. Жұмысты жедел қайта құрған және биліктің санитарлық талаптарын қамтамасыз ете алған кәсіпорындар сатылымның өсуін сақтап қалды, ал кейбір кәсіп­орындар өндіріс пен кірістің төмен­дегенін айтады. Мысалы, отандық балмұздақ нарығының көшбасшысы «Шин-Лайн» компаниясы осы жылдың 7 айының қорытындысы бойынша ақшалай көріністе 19% өсімді көрсетіп отыр, бұл жалпы қазіргі жағдайда жаман көрсеткіш емес, алайда бұл өсім өткен жылдың ұқсас кезеңіндегі өсу қарқынымен салыстырғанда, үштен біріне төмен болды. Заттай көрі­ністе өсім 1%, бұл 2018 жылғы мау­­сымның көрсеткіштеріне жақын.
2020 жылы «Шин-Лайн» соңғы жылдардағы қабылданған даму стратегиясына сәйкес экспорттың ақшалай түрде 38%-ға өсуін қамтамасыз етті. Ал компанияның түсім құрылымындағы экспорт үлесі 12%-дан өсіп, 18%-ға жетті. Компания сарапшылары қазақ­стандықтардың тұтынушылық талғамының өзгергенін атап өтті. Көрсеткіштердің бірі қаптаманың отбасылық форматын таңдау болып табылады, бұл жәйт соңғы жылдары орта есеппен 70%-ға ең жоғары өсіммен расталады.
Балмұздақ өндіру және тұтыну үшін дәстүрлі көктемгі-жазғы мау­сым Қазақстанда сатып алушы­лардың белсенділігіне әсер еткен шектеу шаралары кезеңіне сәйкес келді. Осыған байланысты жекелеген аймақтарда тоқырау, тіпті сала үшін ең белсенді уақытта құлдырау байқалды, бұл туралы әртүрлі балмұздақ өндіруші компаниялар бірнеше рет мәлімдеді. Сыртқы жағдайлармен шектелген маусымға қарамастан, елдің жекелеген қалаларында балмұздақ тұтынудың өсуі байқалды. Ақтауда өсім заттай көріністе 10%-ды және ақшалай көріністе 22%-ды, Талдықорғанда 19%-ды және 39%-ды, Өскеменде тиісінше 5%-ды және 26%-ды құрады.
«Шин-Лайн» қазақстандық балмұздақты шетелдік нарықтарға экспорттауды жалғастырды. Биыл нарықта жаңа өнімдер ұсынылды. Сонымен, «Шин-Лайн» танымал Bahroma сериясындағы «Жүзім-інжір» жаңа жеміс лукумын нарыққа шығарды. Бұл премиум жаңалық талғампаздарға жеміс толтырмасы және глазурьмен нәзік кілегейлі балмұздақты ұсынады. «Лесная белочка», «Коровка», «Смак» классикалық шешімдердің сүйікті кәмпит сериясы КСРО заманынан бері белгілі лимонадтың жарқын дәмі бар «Ключик Буратино» жеміс мұзымен толықтырылды. «Биыл Қазақстанда да, шетелде де күрделі құрылымы мен шығыстық сипаты бар Bahroma бірегей кіле­гейлі балмұздағы, пломбирлер отбасындағы үздік өкілдердің бірі «Мишка на полюсе», компанияның «визит карточкасы» – «Бомба», танымал «Миша» пломбирі, та­би­ғи шырын негізіндегі және шын­дыққа толы танымдық ойынмен толықтырылған «Джусики» жеміс мұздары сұранысқа ие. Тұтынушылардың бұл брендтерді бәсекеге қабілетті нарықтарда таңдауы сапалы және дәмді «Шин-Лайн» балмұздағының құны бойынша бағаланатынын және оның тұрақты сатып алынатынын біл­діреді», – деді «Шин-Лайн» ком­паниясы балмұздақ сана­ты­ның басшысы Дмитрий Докин.
Жалпы, компания балмұздақ тұтынушылар қалауының өзге­ретінін және пост-карантиндік кезеңде өзгерістер динамикасы сақталатынын атап өтті. Трендтердің ішінде отбасылық орау форматын және баға-сапа қағидаты негізінде саналы таңдауды айтуға болады. Рацио­налдылық халықтың барлық топтары үшін сатып алу мінез-құлқының трендіне айналды: дүкенге барғанға дейін сатып алу жоспарланады; балмұздақ жататын импульстік шешімдердің жоғары үлесі бар бөлшек сауда форматтарына қызығушылық төмендейді; онлайн сатып алу саны өсуде. «Рационалды таңдауға сауда желілері арқылы отбасылық форматты сатып алуды да жат­қызуға болады. Бұл форматтың көшбасшысы – 83%-ға өсуін көрсеткен 800 грамм қаптамадағы «Миша» пломбирі. Бүгінгі таңда сатып алушылар дүкенге бару санын азайтқандықтан, олар әр түрлі өнімдері бар үлкен супермаркеттерді таңдайды, сондықтан отбасылық форматқа таңдау көп – банкілер мен пакеттер үйге ыңғайлы тасымалданады, ал эскимо мен рожокқа деген импульсті сатып алу азаяды. Сондықтан балмұздақты сатып алудың негізгі орны сауда желілері болып табылады», – деп нақтылады Д.Докин.
Компанияның сатылымы көр­сеткендей, ірі желілер арқылы сату өсімі 25%-ға артқан. Өнімді оның сапалық сипаттамаларына сәйкес таңдау ұтымды. Сатып алуға ақша жұмсауды шешкен тұтынушы бағасы мен сапасына, сондай-ақ ингредиенттердің пайдалылығына көп көңіл бөледі. ТМД және Орталық Азия елде­рінде тағамдағы майлар мен кало­риялардың төмендеу үрдісі енді ғана күшейе түсуде, дегенмен, «Шин-Лайн» балмұздақтың табиғи компоненттеріне көп көңіл бөледі. «Шин-Лайн» жаңа үрдістерге байланысты тұтынушыға пайдаланылатын шикізаттың құрамы туралы көбірек ақпарат беруді, сондай-ақ онлайн сауданы белсенді дамытуды жоспарлап отыр.

НҰРЛАН ҚҰМАР

518 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы