• Білім & Ғылым
  • 24 Қыркүйек, 2020

Қырық ұстаз үздік деп танылды

Білім беру саласындағы «Microsoft Innovative Education Expert» халықаралық бағдарламасы аясында қазақстандық 40 мектеп мұғалімі конкурстық іріктеуден өтіп, Microsoft корпорациясы іріктеп алған әлемнің үздік инновациялық педагог – сарапшыларының қатарына енді.

Халықаралық бағдарламаның құрамына әлемнің түкпір-түк­пірінен миллионнан астам мұғалімдер кіреді, олар ХХІ ғасыр­дың сұранысқа ие дағ­ды­ла­рын дамытуға бағытталған әріп­тестер мен оқушылар ара­сында білім беруде заманауи технологияларды тиімді енгізгені және қолданғаны үшін Microsoft тарапынан танылды.
Бүгінгі таңда инновация­лардың рөлі білім берудің жоғары сапасы мен бәсекеге қабі­леттілігін қамтамасыз етуде шешуші болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдерге білім берудің инновациялық жүйесін игеру қажет, сонымен қатар өздерінің және оқушыларының цифрлық дағдылары мен қабі­леттерін арттыруы, білім беру процесінде заманауи цифрлық технологияларды қолдануы керек, бұл оқытудың жоғары сапасы мен білім берудің қол жетімділігін қамтамасыз етеді. Microsoft білім беру саласында ғаламшардағы әрбір оқушыға үлкен жетістікке жетуге көмектеседі. Мұғалім­дерге арналған кәсіби даму бағдарламаларында Microsoft өз жұмысында білім берудегі сандық өзгерісті алға жылжытатын, өз мамандықтарындағы жаңа­лық­тарды үнемі үйреніп, дамып, студенттердің өмірін шабыттандыру және өзгерту үшін бірге жұмыс істейтін өркендеген халықаралық мектеп мұғалімдерінің қауымдастығын белсенді қолдайды. 2020 жылдың жазында компания иннова­циялық педагог – сарапшыларды серти­фикаттау мен дамытудың «Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021» халық­аралық бағдарламасына Қа­зақстан мектептерінің жыл сайынғы байқауын және мұғалім­дерін қабылдауды жариялады. Қазақстандағы мұғалімдерден конкурстық іріктеуге қатысуға барлығы 1500-ден астам өтінім түсті.
– Microsoft Innovative Educa­tor (MIE) Expert бағдарламасы­нан өткен мұғалімдер өз оқушыла­рын оқытуда сапалы, инновация­лық әдістер қолдануда жетекші мұғалімдер болып табылады, олар үнемі кәсіби дамудың заманауи тәсілдерін іздейді. Олар студенттерге болашақ оқуда, өмірде және мансапта жетістікке жетуге бағытталған дағдыларын дамытуға шабыттандырады және көмектеседі, – деп атап өтті Microsoft Қазақстан білім беру бөлімінің басшысы Нұрлан Жәнібек.
«Microsoft Innovative Education (MIE) Expert» инновациялық педагог – сарапшыларды серти­фикаттау және дамытудың халық­аралық бағдарламасы мұ­ғалім­дерге жыл бойы қолжетімді, бірақ ресми іріктеу әр жылдың жазында байқау қорытындылары жарияланып, өткізіледі.
Үміткерлерді Microsoft аймақ­тық өкілдері білім беру саласында конкурстық іріктеудің арнайы критерийлері негізінде іріктеді, олар: ұсынылған сауалнама­дағы жауаптардың мазмұны мен сапасы, оқу процесінде білім беру үшін Microsoft технологиясының жаңашылдығы мен қолданылу деңгейі; сондай-ақ үміткер өзінің жауаптарында оның бағдарламаға қатысуы оқушылардың дамуына және өзінің кәсіби жетілуіне қалай әсер етуін қаншалықты егжей-тегжейлі сипаттағаны.
Инновациялық сарапшы-оқытушылардың біліктілігі мен мансаптық өсуіне Microsoft көптеген мүмкіндіктер ұсы­нады. Олар инновацияларды қамтуды кеңейту үшін әлемге әйгілі оқытушылармен және мамандармен тәжірибе бөлі­се алады, Microsoft сандық қо­сым­шаларын жасаушылармен фокус-топтарға және жаңа функ­­цияларды тестілеуге қатыса алады; Microsoft командасымен бірге білім беру саласындағы түрлі іс-шараларға, сондай-ақ Microsoft халықаралық вебинарларына қатыса алады. Мұғалімдер презентациялар мен баяндамалар, тренингтер және коучинг өткізу, сондай-ақ әріптестерін Microsoft білім беру қоғамдастығына қатысуға шақыру арқылы өз тәжірибелерімен бөлісе алады және әріптестері­нің – басқа оқытушылардың (мек­тепте, округте немесе оқу іс-шараларында) біліктілігін арт­тыруға қатыса алады.
–Қазақстан егеменді мемлекетінің мұғалімі ретінде мені оқушыларды тәуелсіз болуға, білім алуға және ертеңгі күнге бағдарлауға үйрету үшін не істей аламын деген сұрақ қатты алаңдатады. Бүгінгі таңда заманауи технологияларды, аудиовизуалды құралдарды, интернет – ресурстарды, электронды оқулықтарды қолдану оқулық шеңберін кеңейтуге, оны бейнелі түрде ұсы­нуға, оқушылардың таным­дық белсенділігін арттыруға, сабақ­тарды жоғары эстетикалық деңгейде өткізуге мүмкіндік береді. Біздің мақсатымыз – оқушыларды оқуға үйрету, тәуелсіздікке үйрету, білім алуға үйрету, – деп атап өтті Microsoft (MIE) инновациялық педагог-сарапшысы, бастауыш сынып мұғалімі Диляра Искакова.
Биыл әлемнің түкпір-түкпірінен 20 000-нан астам мұғалім «Microsoft Innovative Education (MIE) Expert 2020-2021» бағдарламасы бойынша конкурстық іріктеуден өтті.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

445 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы