• Бизнес & Қоғам
  • 24 Қыркүйек, 2020

Отбасы – ұлттың тірегі

Азаматтарға арналған үкімет ең көп талап етілетін «отбасылық» мемлекеттік қызметтерді атап өтті.

Биылғы жылдың 8 айында Қазақстанның халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы сәбидің 145 мыңнан астам туу туралы куәлігі берілген, 267 мыңнан астам жас ана бала туғаны үшін бір ретік және оның бір жасқа толғанға дейінгі күтіміне тиісті жәрдемақыларды алған, ал 134 мыңнан астам әйелге жүктілігі мен босануына байланысты табысынан айы­рылғаны үшін әлеуметтік төлем тағайындалған.
Аталған қызметтерді халық­қа қызмет көрсету орталықта­рын­да ғана емес, egov.kz электрон­ды үкімет порталы арқылы ЭЦҚ көмегімен де тапсырыс беруге болады немесе мобильді аза­маттар базасында тіркелгендер проактивті форматта СМС-хабарлама арқылы ала алады.
Айта кетейік, баланың туы­луына байланысты проак­тивті қызмет Қазақстанда 2017 жылдың соңында іске қо­сылды. Бала дүниеге келген­нен кейін ата-анаға бірден құттықтау SMS-хабарламасы, сондай-ақ сәбидің тууын тір­кеу бойынша мемлекеттік қыз­метті алу туралы ұсыныс келеді. Электрондық үкіметтің порталы барлық ақпаратты мем­лекеттік органдардың ақпа­раттық жүйелерінен алады, ал жетіспейтін ақпарат қызмет алушыдан SMS хабарлама ар­қылы сұратылады. Соңғы үш жылда 85 мыңнан астам қа­зақстандық отбасы баланың туылуына қатысты қызметтерді проактивті түрде алған.
Тағы бір ақпарат қосып өтсек, жыл басынан бері 53 мыңнан астам жұп некелерін egov.kz электронды үкімет порталы ар­қылы тіркеген.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

290 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы