• Ақпарат
  • 24 Қыркүйек, 2020

Өз денсаулығымыз – өз қолымызда

Алматыда «Адам және дәрі-дәрмек – Қазақстан» атты XIII халықаралық конгресі өтті. Басқосу барысында жүрек-қантамыр жүйесі ауруларын, гастроэнтерологиялық сырқаттарды емдеу, COVID-19 пандемиясы кезеңінде пульмонологиялық және аллергиялық ауруларды емдеу ерекшеліктеріне қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Конгресс аясында тұқым қуа­­лайтын ангионевротикалық ісінуді (ТҚАІ) уақытылы диаг­ностикалау және емдеу мәсе­лесіне арналған баяндамамен Қазақ иммун тапшылығы қоғамы иммунологтар қауымдастығының төрайымы, медицина ғылым­да­­рының докторы, Назар­баев Университетінің «Medical University Center Республика­лық диагностикалық орталығы» КҚ клиникалық иммуно­логия, аллергология және пульмоно­логия бөлімінің меңгерушісі Елена Ковзель сөз сөйледі.
Тұқым қуалайтын ангионев­роти­калық ісіну – бастапқы им­мун тапшылығы санатына жата­тын сирек кездесетін генетикалық ауру. Бұл С-1 ингибиторы функ­циясының төмендеуімен немесе жетіспеушілігімен байланысты және бірнеше сағаттан бірнеше күнге дейін созылатын әртүрлі локализацияның терең қайта­ламалы ісінулерімен сипатталады. Бұл ауру кез-келген жаста пайда болуы мүмкін, бірақ көбінесе ауру алғаш рет 6-10 жаста байқалады, ал алғашқы белгілердің пайда болуынан диагнозды қоюға дейін 8-ден 20 жасқа дейін созылуы мүмкін және пациенттердің 80%-ына дейін анықталмай қала береді. Бұл ретте ауру диагнозы қойылмаған пациенттер ара­сын­да өлім-жітім деңгейі 29%-ды құрайды, ал дер кезінде диаг­ноз қойып, емдеуді бастаған адам­дарда бар болғаны 3%-ға тең.
Қазіргі уақытта әлемнің 56 елінде ТҚАІ бар 2568 отбасы бар, Қазақстанда диагнозы расталған 13 пациент анықталды, дегенмен Елена Ковзель эпиде­миологиялық статистикаға сәй­кес, шамамен 350-380 жағдай болуы тиіс екенін меңзейді.
–ТҚАІ қауіптілігі оның өр­шеленуінің өмірге қауіп төндіру мүмкіндігімен түсін­діріледі. Мысалы, жұтқын­­шақтың ісінуі тұншығуға әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, бұл ауру жағдайында анти­гистаминдерді немесе глюко­корти­костероидтарды қолдану аллергиялық ісінуді емдеумен салыстырғанда өз әсерін бер­мейді. Мұны білмей, дәрігер­лер құнды уақытты жоғалтуы ықтимал. Сондықтан тұқым қуа­лайтын ангионевротикалық ісінуді диагностикалаудың ерекшеліктері туралы әртүрлі профильдегі мамандар – ал­лергологтар, терапевтер, от­басылық дәрігерлер, педиатрлар, ЛОР дәрігерлері, дерматолог­тар, хирургтар білуі керек. Бұл мамандардың хабардарлы­ғын арттыратын іс-шараларды үнемі өткізу қажет, – деді Елена Ковзель.
Соңғы жылдары медициналық қоғамдастықтың күш-жігері ҚР-да ауыр сырқатпен күресте белгілі бір прогреске қол жет­кізді. Атап айтқанда, ТҚАІ-ні диагностикалау мен емдеудің қазақстандық клиникалық хаттамасы құрылды (2019 жылы), бастапқы иммун тапшылығы бар пациенттердің регистрі пайда болды, оған ТҚАІ-мен ауыратын пациенттер де енгізіл­ді; ТҚАІ диагностикаланған пациенттер ұйымы құрылды; қазақстандық дәрігерлер ТМД елдерінің әріптестерімен және Дүниежүзілік ТҚАІ ұйымымен белсенді ынтымақтасады. Алайда шешімін таппаған мәселелер әлі де көп.
Уақтылы диагностиканы қиындататын дәрігерлердің хабардарлығының төмендігімен қатар, ТҚАІ-нің тиімді дәрілік терапиясында да қиындықтар ұшырасады. Алты жыл бойы қазақстандық мамандар жыл сайын Денсаулық сақтау ми­нистрлігіне ТҚАІ-ні базалық және шұғыл емдеуге арналған препараттарды ТМККК және МӘМС шеңберінде ұсынылатын дәрі-дәрмектер тізіміне қосу туралы өтінішпен жүгінді, бірақ бұл мәселе әлі өз шешімін таппады. Тағы бір күрделі мәселе – Қазақстанда қолданылатын емдеудің ескірген әдістері.
Әлемде өршеленулерді басу үшін де, олардың алдын алу үшін де неғұрлым тиімді амалдарды қолдану тәжірибесі бар, бірақ Қазақстанда бұл препараттар әлі қолжетімді емес. Осыған байланысты, мамандардың пікірінше, ТҚАІ қоса алғанда, бастапқы иммундық тапшы­лықты емдеудің қолданыстағы схемаларын жетілдіру, әлем­дік тәжірибеде қабылданған генетикалық диагностика және ерте скринингтік диагностика әдістерін белсенді пайдалану қажет.

Нұрлан ҚҰМАР

1424 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы