• Ақпарат
  • 24 Қыркүйек, 2020

Ұсыныстар толық ескеріледі

22 қыркүйекте Азаматтық қоғамды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған тұжырымдамасын (бірінші кезең) іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының жобасы онлайн талқыланды. Жиынға облыстар мен республикалық маңызы бар қалаларда өз қызметін жүзеге асырушы азаматтық қоғам өкілдері қатысты.

Құжат құқықтық реттеу құралдарын нығайтуға және жетілдіруге, азаматтық белсенділікті қолдау мен дамытуға бағытталған. Атап айтқанда, жобада қа­былданатын басқару­шылық шешімдердің тиім­ділігін арттыру, мем­лекет­тік басқарудың ашық­тығы мен есептілігін қамта­масыз ету үшін өзара іс-қимыл рәсімдерін, әдіс­тері мен жолдарын сапалы жақсарту жөнінде шараларды қабылдау көзделген. 5 негізгі бөліктен тұратын құжат жобасы 46 іс-шараны қамтиды.
Жоспармен жан-жақ­ты танысып шыққан қаты­­сушылар енгізілген тармақ­­тардың дер кезінде қабылданғанын атап өтіп, осы бағыттағы министр­ліктің бастамаларына қолдау білдірді.
Кеңесті қорытындылай келе, азаматтық қоғам істері комитетінің төрағасы Мадияр Қожахмет қатысу­шы­ларға сындарлы диалог үшін алғысын білдірді.
Осы орайда іс-шаралар жобасының жоспарын мемлекеттік органдар деңгейінде талқылау да жоспарланып отырғанын айта кеткен жөн. Азаматтық сектордың, мемлекеттік органдардың және мүд­делі азаматтардың бар­лық ұсыныстары Аза­маттық қоғамды дамыту тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жос­парында сөзсіз көрініс табады.

1023 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы