• Үкімет: келелі міндеттер көшінде
  • 24 Қыркүйек, 2020

Астық науқаны, тұтынушы құқығы: Жүйелі жұмыстың берекесі мол

Сейсенбіде әдеттегідей Үкімет отырысы өтіп, онда егін жинау жұмысының барысы және тұтынушылардың құқықтарын қорғау мәселесі қаралды. Күн тәртібіндегі тақырыптар бойынша Премьер-министр Асқар Мамин бірқатар тапсырмалар үлестірді.

Биыл елімізде егін жинау жұмыс­тары уақытылы бас­талып, науқан қарқыны өткен жылғы­дан жоғары болды. Осы сәтте елімізде орақ жұмыс­тарының 93%-тен астамы орын­далды. Гектарына 12,3 центнер орташа түсімділікпен 18,2 млн тонна астық бастырылды. Жаңа өнімнің экспорттық әлеуеті – шамамен 7,5-8 млн тонна. Дәнді және дәнді-бұршақты дақылдар өндірісінің болжамды көлемі еліміздің ішкі қажеттіліктерін толықтай қамта­масыз етуге мүмкіндік береді. Бас­тысы – егіннің көлемі мен сапасын сақтау. Елдегі қолда бар сақтау қуаттылығы, өткен жылдардағы ауыспалы қалдықтарды есепке алғанда, болжамды өнім түсімін сақтау үшін жеткілікті. Астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 28,8 млн тоннаны құраса, оның 12,1 млн тоннасы – астық қабылдау кәсіпорындарында, 16,7 млн тон­насы – ауыл шаруашы­лығы өндіру­шілерінде.
Биылғы егін жинау жұмыстары­ның барысы туралы ауыл шаруашы­лығы министрі С. Омаров, негізгі астықты өңірлердің әкімдері Е.Мар­жықпаев, А.Мұхамбетов, Қ.Ақса­қалов, сондай-ақ агробизнес өкілдері баяндама жасады.
«Жаһандық үрдіске қараған­да, нарықта азық-түлікке деген сұраныс пен баға тек арта бермек. Сондықтан басым міндет – астық өсіру мен одан жасалатын өнімдер экспортының көлемін айтарлықтай ұлғайту», – деді А.Мамин.
Осыған байланысты Үкімет басшысы Ауыл шаруашылығы министрлігіне дәнді және бұр­шақты дақылдарды қайта өңдеу саласын дамыту мен экспорттық әлеуетті арттыру бойынша жол картасын әзірлеуді тапсырды. Әкімдік­тер мен Ауыл шаруашылығы ми­нистрлігіне қысқа мерзімде астық жи­нау жұмыс­тарын аяқтап, егіннің сақталуын қамтамасыз ету, сатып алу бағасын белгілеп, нарық қатысушыларын хабардар ету, форвардтық сатып алу тетігі аясында қаражаттың қайтарылуын қамтамасыз ету тапсырылды. Ал Индустрия және инфрақұрылымдық даму министр­лігіне ҚТЖ-мен бірлесіп, астықты үздіксіз тасымалдау үшін жылжымалы құраммен қамтамасыз ету шараларын қабылдау жүктелді.
Селекторлық отырыста тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау бағытында атқарылып жатқан жұ­мыстар туралы сауда және интеграция министрі Б.Сұлтанов, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы төрағасы А.Мырзахметов баяндады, Жоғарғы соттың судьясы А.Түкиев пен Тұтынушылардың құқықтарын қорғау коалициясының төрағасы М.Әбенов түсініктеме берді.
Биылдың 8 айында Сауда жә­не интеграция министрлігінің Тұты­­ну­шылардың құқықтарын қорғау комитетіне қызметтер мен тауарлардың сапасына қатысты шағымдармен 8 мыңнан астам өтініш келіп түскен, олар бойынша тұтынушылардың 80%-нің құқықтары қорғалды, бұл – 6 400 өтініш. Биылғы маусымда үкіметтік емес ұйымдар мен бизнесті тарта отырып, тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құруға ықпал ететін заң­намалық түзетулер қабылданды.
Премьер-министр тұты­ну­шы­лар­дың құқықтарын қорғау­дың қазақ­стандық жүйесінде тұтынушы – қоғамдық бірлестік – мемлекет өзара іс-қимыл байланысы нақты құрылған шетелдік озық тәжірибе ескерілуі тиіс екенін айтты. Бұл ретте азық-түлік саласына, медициналық қызметтерге, ТКШ, фармацевтикалық тауарларға, сондай-ақ туризмге ерекше назар аудару қажет. «Сапасына кепілдік беруге болатын өнімдерді өндіруге, бақылау мақсатындағы сатып алу механизмін пайдалануға, адал жарнама мен маркетингке бағытталған саясат жүргізу қажет», – деді А. Мамин.
Үкімет басшысы жыл со­ңына дейін тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласында қоғамдық ұйымдар бірлестігін құруды, сондай-ақ үкіметтік емес ұйымдар базасында тұтыну­шылардың құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен институтын енгізу мәселесін пысықтауды тапсырды. Ұлттық экономика, сауда және әділет министрліктеріне нормативтік-құқықтық актілер жобаларының тұтынушылардың құқықтарын қорғау тұрғысынан реттеушілік әсеріне талдау жүргізу бойынша міндетті талапты қарас­тыру тапсырылды. Бұған қоса, осы актілерді әзірлеуге қоғамдық кеңес­тердің құрамында үкіметтік емес ұйым­дардың қатысуын қамтамасыз ету керек. Сауда министрлігіне Ұлттық экономика министрлігімен бірлесіп, мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдар мен квази­мемлекеттік ұйымдар­дың тиім­­ділік көрсеткіштеріне (KPI) тұтыну­шылар тарапынан қанағаттану және сенім деңгейін бағалауды қосу тапсырылды. «Атамекен» ҰКП-ға Ерікті іскерлік тә­жірибе ережелерінің жиынтығын және тұтынушылардың мүдделері мен құқықтарын ескеретін үлгілік шарттарды қабылдау, сондай-ақ ұсынылатын қызметтер мен тауарлардың сапасын жақ­сарту үшін бизнесті ынталандыру шараларын пысықтау жүктелді. Сонымен қатар ағымдағы жыл­дың 1 қарашасына дейін Тұ­­тынушылардың құқықтарын қорғаудың біртұтас жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленуі қажет.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

153 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы