• Ақорда & Үкімет
  • 24 Қыркүйек, 2020

Мазмұнды іс-шаралар жалғасады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаевты қабылдады.

Президентке бүкіләлемдік пандемияға қарамастан ұлы Абайдың 175 жылдығы, Әл-Фарабидің 1150 жылдығы, Алтын орданың (Ұлық Ұлыс) 750 жылдығы және ТМД елдерінің биылғы мәдени астанасы Шымкент қаласының 2200 жылдығына арналған іс-шаралардың мазмұнды түрде жүзеге асуы туралы ақпарат берілді.
Кездесуде Мемлекет басшысы келесі жылы өтетін Тәуелсіздіктің 30 жылдығына дайындық мәселесіне ерекше көңіл бөлу қажет екенін атап өтті.
Қасым-Жомарт Тоқаев Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі арнайы мемлекеттік комиссияға кезінде қазақ халқының басынан өткен ашаршылық қасіреті туралы іс-шаралар қабылдауды міндеттеді.
Сонымен қатар Мемле­кеттік хатшы қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру және мемлекеттік тілдің функ­ционалдық мәртебесін көтеру жөніндегі ұсыныс-пікірлерді баяндады. «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұлтты жаңғырту бағдарламасы ретінде жалғастыру қажеттігі атап өтілді.
Президент Мемлекеттік хатшыға 1 қыркүйектегі Қа­зақстан халқына арнаған Жолдауында айтылған әлеу­меттік мәселелерді шешуде орталық және жергілікті атқарушы органдардың жұ­мысын үйлестіруді бақы­лауда ұстауды тапсырды.

22 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала ПРЕЗИДЕНТ ҚЫЗЫЛЖАР ӨҢІРІНДЕГІ ЕГІН ОРАҒЫНЫҢ БАРЫСЫМЕН ТАНЫСТЫ
Келесі мақала АШЫҚТЫҚ ПЕН АЙҚЫНДЫҚ – ӨРКЕНДІ ӨЗГЕРІСТЕР ЖОЛЫНДАҒЫ ОРТАҚ МІНДЕТ

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №44

29 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ахас Қайырұлы Тәжутов

“TENGE MONITOR” апталық газетінің бас редакторы