• Білім & Ғылым
  • 01 Қазан, 2020

Жаңартылған білімге – жаңаша көзқарас

Kundelik.kz білім беру платформасының қызметкерлері 2020-2021 оқу жылының 1-тоқсанында Қазақстан мектептері оқушыларының қашықтан оқитынын ескере отырып, жаңаша қадам жасады.

Өткен оқу жылындағы тәжі­рибеге сүйеніп, пайдалану­шы­лардың ықтимал жүктемесі есеп­телді және ІТ жүйенің қызме­ті әлдеқайда жақсартылып, бүкіл жүйе инфрақұрылымы 30%-ға кеңейтілді. Кең жолақты ин­тернет­тің серверлік топқа өткізу мүмкін­дігі 100 пайыз жақсарты­лып, жобаның ақпараттық қауіп­сіздік көрсеткіштері жақсар­­тылды.
Осының бәрі 1-тоқсанның басында оқу процесі кезінде «Күнделік» автоматтандырыл­ған ақпараттық жүйесінде (ААЖ) болуы мүмкін техникалық ақау­дың алдын алуға мүмкіндік берді. Қазір «Күнделік» ААЖ Қазақстанның 6200 мектебіне, 356 822 мұғалім мен 3 070 723 оқушыға, сонымен бірге 2 159 270 ата-анаға қызмет көрсетіп отыр.
Тағы бір жаңалық, ҚР Білім және ғылым министрлігінің №125 бұйрығының жаңартылуына және критериал бағалаудың 10 балдық жүйесі енгізілуіне орай, мұны kundelik.kz электрондық журналы мен күнделігіне енгізу бойынша қыруар шаруа атқарылды. Мұғалімдерге арнап түсіндіру бағытындағы 30-дан аса нұсқаулық жасалып, жарияланды, оның ішінде ҚР БҒМ жасаған оқушыларды бағалаудың жаңа жүйесі туралы ақпарат та бар. 10 балдық жүйе бойынша формативті бағалау оқушының сабақта жұмыс істеуге ынтасын арттырып қана қоймай, сонымен бірге әдеттегі комментарийге қосымша оқу­шының сабақта жауап беруіне қосылып, тоқсан бойғы үлгерім траекториясын көрсетеді. Бұған қоса, тоқсандық БЖБ және ТЖБ түріндегі бақылау жұмыстарының нәтижесіне қосымша тоқсандық бағалау нәтижесіне де ықпал етеді.
Аталған ұйымдастыру жұмыс­­тары өз алдына, сонымен бірге оқу процесі барысында балаларды білім беру бағытындағы түрлі кон­тентпен қамтамасыз етудің аса маңызды екенін түсініп, мұндай материалдарды қай­талау – тақырыпты игерудің кепілі. Осыны ескере отырып, «Хабар» мемлекеттік телевизия холдингімен бірлесе, kundelik.kz порталы күн сайын «Ел Арна» және «Балапан» арналары­ның YouTube желісіндегі бейне­сабақтарын салып отырады. Бұл сабақтар 2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанындағы 1–11-сынып оқушыларының оқу бағдарламасын қамтиды. Бұған қосымша мұғалімдерге арнап, 1-сыныптан 11-сыныпқа дейінгі бүкіл пән бойынша 1-тоқсанның оқу бағдарламасының конспек­тісін енгізіп, оны Алматы қалалық білім беру басқармасының қаты­суы­мен алматылық мұғалімдер жасап шығарды.
«Күнделік» ЖШС бас ди­ректоры Мұхтар Ілиясовтың айтуынша, Қазақстандағы білім саласына жүйелі көзқарас керек. – Білім беру процесіне жүйелі және стандартқа сай көзқараспен қарағанда ғана тиімділікке қол жеткізуге болады. «Күнделік» жүйесінің мақсаты да осы! Төрт жылдан бері бізбен бірге жұмыс істеп келе жатқан оқытушыларға өзара түсіністік және қолдауы үшін алғыс білдіреміз. Біз сіз­дер­мен бірге еліміздегі алғашқы жалпыұлттық LMS жүйесін, яғни «Күнделік электронды журналы мен күнделігі» жүйесін жасадық және жаңалықтар мен жаңа бас­тамалар түріндегі сынақтарға да төтеп беріп келе жатырмыз! Сіздердің қолдауларыңызға, бізге жолдаған лебіздеріңізге рахмет айтамыз, – деді Мұхтар Ілиясов.
Өткен оқу жылының басымен салыстырғанда, Қолдау қызметіне өтініш айтушылар саны 2 есеге дейін артты. Пайдаланушылар тарапынан түскен өтініштерге анализ жасай келе, олардың бар­лығын әдеттегідей сабақ кес­тесін құру және мектептегі оқу жүктемесін жоспарлау мәселе­сі қызықтыратыны анықталды. Мұның себебі, бірқатар мектептің әкімшілігі сабақ кестесін күні бұрын жасап қоймаған. Жалпы бұл әрқашанда кез келген оқу жылының басында болатын жағдай. Дегенмен, пандемия ке­зеңінде кезекші және қашықтан оқитын сыныптарды дайындау жаңа сынақ болды. Осыны ескере отырып, мектеп әкімшілігіне сыныпқа бөлу мәселесін оңтайлы шешуге, ал мұғалімдерге сабақ жоспарын жасап, күнделікті үй тапсырмасын салып отыруға мүм­кіндік беретін шешім ұсынылды.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

877 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы