• Өндіріс
  • 01 Қазан, 2020

Іргелі үш жоба бастау алды

Қостанай қаласында Премьер-министр Асқар Мамин мен Татарстан Президенті Рустам Минниханов келіссөз жүргізіп, Қазақстанда 261 млрд теңге инвестицияға үш бірлескен автомобиль жасау жобасын іске асыруды бастап берді.

Бұлар – Қостанай Индус­триялық аймағында «КАМАЗ» шойын құймасын және жүк техникасының белдігіне арналған құрамдас бөлшектер өндіру зауыттарын салу, сондай-ақ Қарағанды облысының Саран қаласында автомобиль шиналары өнді­­рісін ашу.
Бірлескен кәсіпорын­дардың жобалық қуаттылығы жылына 40 мың құйылған компонентті – цилиндр блоктары, цилиндр блокта­ры­ның бастиектері және жүк автомобильдеріне арнал­ған белдік картерінің тұтас құйылған арқалықтарын және жүк автомобильдері­нің жетекші белдігінің бас берілістерінің 86 мың редукторын құрайды. Инвес­тицияның жалпы көлемі – 150,7 млрд теңге. Шектес салаларды ескере отырып, шамамен 1 200 жаңа жұмыс орны құрылады. Өнімді жергіліктендіру деңгейі 60-70%-ке жетеді. Зауыттарды салуды 2023 жылы аяқтау көзделген. Жобаларды іске асыру Қазақстанды ТМД нарығындағы жүк техникасын ірі өндіруші жеткізушілердің жаһандық технологиялық тізбегіне қосады.
Саран қаласында іске асыру жөнінде инвестициялық меморандум жасалған зауыттың өндірістік қуаттылығы жеңіл техникаға арналған 3 млн шина мен коммерциялық техника және автобустарға арналған 500 мың шинаны құрайды. Мұнда 1 мыңнан астам жаңа жұмыс орны құрылады. Инвестицияның жалпы көлемі шамамен 111 млрд теңгені құрайды. Жобаны 2022 жылы іске асыру жоспарланған.

377 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы