• Білім & Ғылым
  • 08 Қазан, 2020

Бейбітшілік пен келісім – тұтастырар ел ішін

Республикалық «Этномәдени бірлестіктердің белсенді қатысуымен жастар арасындағы әлеуметтік бірлік мәдениетін дамыту» жобасының білім беру онлайн-лагерінің тренингтері өтті. Жобаның ұйымдастырушысы Ұлттық Дельфий комитеті бұл бастаманы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық қолдамаларды бастау орталығы» КЕАҚ гранттық қаржыландыруы шеңберінде іске асырды.

Оқыту Halyk Tarihy мобиль­дік қосымшасы базасында ашық қолжетімділікте орналас­тырылған жобаның интеллек­туалды викторинасына қатысу арқылы алдын ала іріктеуден өткен Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі этномәдени бір­лестіктердің 100 белсен­дісіне арналды. Білім беру тренингтерінің қатысушылары келесі: көпэтносты Қазақ­стандағы бейбітшілік пен ке­лісім үлгісінің негізгі аспек­тілері; тарихтың ортақ беттерін түсіну арқылы қоғамды топтас­тыру; қазақ тілі – этносаралық келісімнің негізі, жобаларды басқару және жаңа медиа қоғамдық пікірге әсер ету құралы ретінде бағыттары бой­ынша өткізілді. Жоба тре­нерлері Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орын­­басары Шерзод Пулатов, «Жаңғыру жолы» ҚХА РЖҚ төр­ағасының орынбасары, ҚХА жанындағы «Жарасым» РЖБ төрағасы Тимур Жұмырбаев, Ақмола облысы бойынша ҚР Президенті жанындағы МБА филиалының директоры Белла Газдиева, Л.Н.Гумилев атын­дағы ЕҰУ саясаттану кафедрасы­­ның профессоры Наталья Ка­лаш­никова, PR-эксперт, «Rona Group» коммуникациялық агенттігінің жетекшісі Мира Билялова, «Вolashak RL» жоба­лар­­ды басқару тобының жетек­шісі, Л.Н.Гумилев атын­­дағы ЕҰУ докторанты Бірлік Меңдібаев өз ойларын ортаға салды.
Тренингтің нәтижесі бойын­ша 20 белсенді қатысушы Soft skills сұранысқа ие машықтар бойынша курстан өткендігі жайлы сертификат пен Қолдан­балы этносаяси зерттеу инсти­тутында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болды.

Айнұр БАҚДӘУЛЕТҚЫЗЫ

1462 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы