• Бизнес & Қоғам
  • 15 Қазан, 2020

«Рахат» өнімдері – халықтың сүйікті дәмі

«Рахат» компаниясы маңызды экономикалық көрсеткіштерімен, жаңа трендтерімен және Қазақстанда мәдениетті дамытуға қолдау көрсету жөніндегі жоспарларымен бөлісті.

«Рахат» АҚ басқармасының төрағасы Константин Федорец компанияның бірінші жарты­жылдықтағы нәтижелерін жа­риялады. Кондитерлік нарық негізінен өнімдерді бес санат бойынша ұсынып отыр: шо­колад, печенье, кәмпиттер жиын­­тықтары, өлшеніп сатылатын кәмпит, мармелад. Қазіргі уақытта бисквит, оның ішінде печенье және вафли көбірек сатылуда, мұны өсім көрсетіп отыр. Қазақстанда төтенше жағдай кезінде олардың орташа сатылымы (киломен алғанда ) өткен жылға қарағанда 12%-ға өскен. Шоколад плиткасы да оң динамикаға ие, оның өсімі – 4%. «Рахат» плитка шоколады санат бойынша нарықта жетекші орынды мығым иеленіп отыр, оның бисквит санаттарындағы үлесі де артып келеді. Сондай-ақ компания мармелад өндірісін арттыру арқылы бұл санаттағы өнімнің де өсуіне тікелей бағдар ұстап отыр.
Шоколад кәмпиттеріне деген сұраныстың төмендеуіне қарамастан, «Рахаттың» табысы өткен жылғы деңгейден төмен­деген жоқ. Бұл санаттағы құл­дыраушылық бисквит пен шо­колад плиткаларына сұра­ныстың артуы есебінен толығып отыр, бұл өсімге 2020 жылы шығарыла бастаған жаңа өнімдер айтарлықтай әсер етті.
«Рахат» өнімдерін сататын елдерде күшейтілген карантин кезеңінде сауда орындары мен дистрибьюторлық компаниялар қызметінің шектелуіне байла­нысты экспортқа жібері­летін өнімдердің сатылымдарының төмендеу үрдісі байқалды. Экс­порттық нарықтарда халық­тың сатып алу қабілетінің тө­мендеуі байқалады.
Шекаралардың жабылуына байланысты ҚХР мен Түркі­менстанға экспорт тоқтатылды. Айта кету керек, Қазақстан мен осы елдер арасында жоспар­ланғандай, қатынас ашылуына байланысты фабрика жақын арада өнімдерді қайта жібере бастауға дайындалуда. Жалпы, соңғы айларда экспорттың өсуі байқалып отыр.
Пандемия кезінде «Рахат» АҚ-да шикізат жеткізу жағынан айтарлықтай қиындықтар болған жоқ. Құрамдастардың негізгі түрлерінің құны ұлттық валютаның девальвациясына және әлемдік конъюнктураға пропорционалды түрде өсті.
«Дағдарыс бізді қайта топ­тасып, көптеген жобаларды қолға алуға итермеледі, бұл өз кезегінде «Рахатты» анағұрлым бәсекелі ете түсті. Локдаун кезіндегі күрделі жағдайға қарамастан, біз Шымкентте мармелад пен печенье өндірісі желісін іске қостық. Соның бірінде біз екі ай ішінде әзірге жергілікті өндірушілердің қо­лында аналогы жоқ печеньенің жаңа түрін шығармақпыз. Қазіргі кезде қалыптасқан жағдайды ескере отырып, ассортиментті қолжетімді санаттармен толық­тыру компанияның алға қойып отырған мақсатты жоспары болып отыр. Сонымен қатар, біз «жасаруды» тоқтатпаймыз, өйткені жастар­дың жаңадан жасалған өнімдерден бала кезден естерінде қалған дәстүрлі дәмді сезініп, қызығушылық танытқандарын көріп отыр­мыз», – деп атап өтті «Рахат» АҚ бас­қар­масының төрағасы Константин Федорец.
Компания қазақстандықтар арасында заманауи өнерді наси­­хаттауға өз үлесін қосуда. Константин Федорец Art FUTU­RE мәдени және шығар­­ма­­шылық алмасу плат­фор­ма­­сы­мен бірлескен Qazaqstan óneri жобасының қолға алын­ғандығы туралы хабарлады. «Казахстанский » шоколады мен «Рандеву», «Поздравляю!», «Құттықтаймыз!» кәмпиттерінің қорапшаларының дизайнында енді заманауи қазақстандық суретшілер: Асқар Есдәулет, Қазақбай Әжібекұлы, Ержан Танай, апалы-сіңлілі Ғалия мен Бота Құсайыновалар, Оразбек Есенбаев пен Арыстанбек Шалбаев суреттерінің репродук­циялары бар.
Алматы кондитерлік фабри­касының негізі 1942 жылы қаланды. 1992 жылы кәсіп­­орын «Рахат» акционерлік қоғамы болып қайта құрылды. 2013 жылы оңтүстік кореялық LOTTE Confectionery компаниясы «Рахат» АҚ акцияларының негізгі пакетін сатып алды. LOTTE Confectionery компаниясы Оңтүстік Кореяның 5-ші ірі конгломераты – LOTTE тобы­ның еншілес компаниясы әрі штаб-пәтері Сеул қаласында орналасқан Оңтүстік Кореядағы жетекші кондитерлік компания болып табылады. Бүгінгі таңда «Рахат» АҚ-ның LOTTE Confectionery компаниясына тиесілі акцияларының үлесі 95,57%-ды құрайды.
Кондитерлік фабриканың дистрибьюторлық желісі рет­теліп, жолға қойылған, ол осы сала нарығында көшбасшы болып табылады, жоғары сапалы кондитерлік өнімдердің 400-ден астам түрін шығарады. Компания ассортиментінде шоколад плит­калары, печенье, вафли, шоколад кәмпиттері, карамель, ирис, зефир, драже және т.б. бар. Бұлардың бірқатарының аналогын Қазақстан нарығынан іздесеңіз де таппайсыз.
Компанияның өнімдері Қа­зақстанда ғана емес, сондай-ақ Өзбекстанда, Қырғыз­стан­да, Түркіменстанда, Ресейде, Моңғолияда, Арменияда, Әзербайжанда, Қытайда және басқа да елдерде жоғары сұранысқа ие.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

495 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы