• Руханият
  • 15 Қазан, 2020

Қарттарым, аман-сау жүрші

Отан соғысының және еңбек ардагері, Қапшағай қаласының Құрметті азаматы Оксана Бетебаева 100 жасқа толды. Мерейтой иесін осы айтулы оқиғамен Алматы облысының әкімі Амандық Баталовтың атынан облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Маржан Мұрат пен Қапшағай қаласының әкімі Нұрлан Құматаев құттықтап, облыс әкімінің Құрмет грамотасын және естелік сыйлық тапсырды.

Оксана Демидовна Украина­­ның Полтава облы­сында өмірге келді. Жеті жылдық мектепті бітірген соң медициналық учи­ли­щеде оқыды, мұнан соң Петрово-Роменский аудандық ауруханасында жұмыс істеді. 20 жасында 1941 жылы шілдеде армия қатарына алынып, Полтава қаласында № 1668 әскери госпитальда медбике қызметін атқарды.
Соғыс жылдарында әскери офицер Бекежан Бетебаевқа тұрмысқа шықты. Соғыс біткен соң жұмыс жағдайына байланысты ерлі-зайыптылар Жаркент қаласына ауысып, бұл жерде де Оксана Демидовна өз мамандығы бойынша жұмысын жалғастырды. Кейін отбасы Іле кентіне, одан кейін Қапшағай қаласына қоныс аударды.
Оксана Демидовнаның ерлігі мен еңбегі лайықты бағаланып, ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, Жуков медалімен және басқа да көп­теген мерей­тойлық медаль­дармен мара­патталды.
Қазіргі кезде Оксана Демидовна туған-туыста­­рымен бірге Қапшағай қала­сында тұрады. Ол – қала тұрғындарының мақтанышы болып отыр.

Айбол Қадырбай

224 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы