• Бизнес & Қоғам
  • 15 Қазан, 2020

Дәрі-дәрмек өндірісі артты

Вирус қаһарына мінген кезде, дәрі-дәрмекке қажеттілік едәуір артады. Карантиндік шектеулерге байланысты импорт қысқарғанда, отандық өндірушілердің жүктемесі көбейеді. Сәйкесінше, «Химфарм» АҚ шикізатты жеткізу мен дайын өнімді жөнелту логистикасының тәулік бойғы жұмысын қамтамасыз етумен, өндірістік ауысымдардың жұмысын тоқтаусыз режимге салуда.

Эпидемия жағдайында ең маңызды ресурс – дәрі-дәрмек екендігі белгілі, және де ел азаматтарының өмірі оның қолжетімді болуына байланысты. Сондықтан пандемияның сын-қатерін қабылдай отырып, Химфарм шикізатты жеткізіп, дайын өнімді жөнелтетін логистиканың тәулік бойғы қызметін іске қосумен, өндірістік ауысымдардың жұмысын үздіксіз режимге бұрған.

 Бұл ретте барлық ықтимал өндірістік резервтер мен қуаттарды іздеу мен іске қосуға, өндірістік тәртіпке, санитарлық нормалардың сақталуын қатаң бақылауға баса назар аударылды. Науқастардың денсаулығына жауапты бола отырып, барлық қажетті шаралар қабылданды, дәрі-дәрмек өндірісі қарқынды жалғасып, өндіріс көлемі ұлғайды.
Соңғы жеті жылда мемлекеттік қолдаудың арқасында қазақстандық фармацевтикалық нарықтағы SANTO компаниясының үлесі 4,7%-тен 6,0%-ке дейін ұлғайды. SANTO – бұл Polpharma халық­аралық компаниясының инвес­тициялық сомасы 100 млн АҚШ долларынан асатын, еліміздегі дәрілік заттардың ең ірі отандық фармацевтикалық өндірушісі. Компанияның өндірістік циклі GMP халықаралық стандарттарына сай, сондай-ақ GDP тиісті дистрибьютерлік практикасы енгізілген.
2019 жылы «Химфарм» АҚ за­рар­сыздандырылмаған ерітін­ділер мен сироптарды өндіруге GMP сертификатын, сондай-ақ CEF тобының антибиотиктерін асептикалық қопсыту үшін GMP сертификатын алды. Фармацевтикада асептикалық өндіріс ең қиын өндірістің бірі болып саналады. Стандартты технологиялық өндіріс процедураларын ұстанудан басқа, процесс қатал стерильділік жағдайларын жасауды және сақ­тауды талап етеді. Мұның бәрі компанияның фармацевтикалық өнімдерді ішкі, сонымен қатар сыртқы нарықтарда сату үшін оларды өндірудің сапасын жақсартуға қатысты жасалған үлкен жұмыс­тарын айғақтайды.
«Химфарм» АҚ фармацевти­калық компаниясы соңғы екі жылда экспорт көлемін 2,5 есеге арттырды. Бүгінгі таңда кәсіпорынның дәрілік заттары Орталық Азия және ЕАЭО нарықтарында кеңінен сұранысқа ие. Өнімдер Тәжікстан, Түрікменстан, Моңғолия, Ресей және Қырғызстан сияқты елдерге экспортталады. Сонымен қатар келесі жылы Өзбекстан нарығын игере отырып, экспортты екі есеге арттыру жоспарланған. Бұдан бөлек, маңызды бастамалардың бірі – Еуропалық одақтың дәрілік нарығына шығу. Компания енді дәрілік заттарды экспорттау бойынша Еуроодақ нарығында белді ойыншыға айналмақ. Осылайша, 2023 жылға қарай экспорт көлемін 4 есеге, яғни 16 млрд теңгеге дейін ұлғайту жоспарлануда.
Бүгінде кәсіпорынның 11 өндірістік желіде өндірілетін 9 түрлі нысандағы 120-дан астам дәрілік заттарының түрлері бар, ал бұл отандық өндірушінің оннан астам емдік топтарда ұсынылғанының көрсеткіші болып табылады. Компанияның R&D әлеуеті дәрілік заттардың 10 жаңа позициясын ағымдағы жылдың соңына қарай нарыққа шығаруға мүмкіндік береді. Сондай-ақ 2023 жылға қарай науқастарды емдеу үшін қазақстандық өндірістің елуге жуық препаратын ұсыну жоспарланып отыр.
Өткен жылы «Химфарм» АҚ өндірісінің көлемі 15%-ке өсті. Бұл көрсеткіш құрамында алкалоидтар мен антибиотиктер бар дәрі-дәрмектер өндірісінің өсуіне байланысты. Егер соңғысының өсімі 57 мыңнан 169 мың тоннаға дейін артқан болса, алкалоидтар өндірісі 813 мыңнан 829 мың тоннаға дейін өсті. Бүгінде компанияның өндірістік қуаты жыл сайын 420 миллион таблетка, капсула және түйіршіктер, инъекциялық ерітінділері бар 140 миллион ампулалар, 37 миллион флакон антибиотик ұнтақтары (цефалоспориндер), 13 миллион флакон антибиотик ұнтақтары (пенемалар - мициндер) және 3 миллион флакон сұйық ішілетін дәрілік заттар шығаруға мүмкіндік береді.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

422 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы