• Өндіріс
  • 15 Қазан, 2020

Астық қоры жеткілікті

Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы саласы мал шаруашылығына негізделген, ауыл шаруашылығы өнімдерінің 93 пайызы мал шаруашылығы саласына тиесілі. Өңірде 600-ден астам шаруа қожалығы өсімдік шаруашылығымен айналысады.

Егін егетін ірі шаруа қожа­лықтары Бәйтерек және Теректі аудандарын­да орналасқан. Биыл көктемгі дала жұмыстарының қорытынды­лары бойынша ауыл шаруашы­лығы дақылдарының жалпы егіс алқабы 547,6 мың гектарды құрады, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 25 мың гектарға артық. Соның ішінде күздік және жаздық дәнді дақылдар 232,8 мың гектар алқапқа себілді (күздік дәнді дақылдар – 80,9 мың га, жаздық дәнді дақылдар – 151,9 мың га), бұл өткен жылғыдан 12,3 мың гектарға немесе 5,3%-ға аз. Биыл күздік бидай 70,7 мың гектар алқапқа (2019 ж. – 61,3 мың га), жаздық бидай – 99 мың га (2019 ж. – 124,1 мың га) және арпа 40,8 мың гектарға (2019 ж. – 45,7 мың га) себілді. Егістік алқаптарын әртараптандыру жөніндегі меморандумды іске асыру шеңберінде әлемдік нарықтағы сұраныстың артуына байланысты олардың орнына тиімділігі жоғары майлы дақылдар егілген.
Аталмыш басқарма бас­шы­сы­ның орынбасары Денис Омашевтің айтуына қа­ра­ғанда, өңірдің табиғи-кли­маттық жағдайына, биылғы құрғақшылыққа қарамастан, егін егумен айналысатын шаруа­шылықтар жақсы нәтиже­лерге қол жеткізген. Облыста дәнді дақылдарды ору жұмыстары аяқталды. Биылғы жылғы 22 қыркүйектегі жағдай бойынша 280 мың гектар дәнді дақылдар алқабының әр гектарынан орташа өнімділік 11,4 центнерді құрап, 260 мың тонна астық алынды.

 

Ал өткен жылы 251 мың га дәнді дақылдар алқабынан орта есеппен гектарына 9,9 центнерден орташа өнімділікпен 242 мың тонна астық жиналды. 2018 жылы 245 мың гектар дәнді дақылдар алқабынан әр гектарынан орташа өнімділік 7,0 центнерді құрап, 171,4 мың тонна астық алынды. Күздік бидайдың ең жоғары өнімділігі Бәйтерек ауданындағы «Матевосян» шаруа қожалығында гектарына 40 центнерге, «Агро-Сервис Батыс» ЖШС-да гектарына 30 центнерге және Теректі ауданындағы «Тұлпар ЛТД» ЖШС-да гектарына 30 центнерге жеткен.
Облыста қуаңшылыққа байланысты 4,9 мың гектарға жуық егіс алқабы (2019 жылы 4,8 мың га) есептен шығарылды. Әсіресе, өңірдегі бидай дақылы егістігінің 55,6%-ын құрайтын Бәйтерек ауданында есептен шығарылған егістік ауданының көлемді екені түсінікті. Онда 2,8 мың гектар алқаптағы ауыл шаруашылығы дақылдары күйіп кеткен. «2019 жылмен салыстырғанда егіс алқаптарының азайғанына қарамастан биыл дәнді дақылдардан алынған жалпы өнім 260 мың тоннаны құрап отыр. Бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 18 мың тоннаға артық. Дәнді дақыл­дардың жалпы жоғары түсіміне күздік дәнді дақылдардың егістігінің ұлғаюы әсер етті. Күздік дақылдардың орташа өнімділігі әр гектардан орташа есеппен 21,2 центнерден (2019 ж. – 13,2 ц) болып, 170 мың тонна астық алынды және бұл өткен жылғы көрсеткішпен салыстырғанда 80 мың тоннаға артық. Осының өзі өңірімізде күздік дәнді дақылдардың жаздық дақылдарға қарағанда бітік өсетінін айқын көрсетеді. Алдын ала жасалған болжам бойынша жемдік дақылдың жалпы өнімі 60 мың тоннаны құрады», – деді Денис Омашев.
Облыста азық-түлік бидайына деген ішкі қажеттілік жылына шамамен 54 мың тонна шамасында болады. Биылғы егін орағынан жиналған бастапқы салмақтағы 260 мың тонна астық облыстың қажеттіліктерін толығымен жабады. Биыл алдын-ала дәндік-жемдік қор бойынша 60 мың тонна жемдік астық дайындау жоспарланған, бұл сұраныстың 33,3%-ын құрайды. Облыста 2020-2021 жылдары мал қыстату үшін 180 мың тонна жем қажет. Облыстық әкімдіктердің, ауыл шаруашылығы құрылымдары мен жеке қосалқы шаруашылықтардың мәліметтері бойынша қажетті жемшөп дәнінің 96,5 мың тоннасын сатып алу жоспарланған. Аудандар бойынша 2020 жылғы 16 қыркүйектегі жағдай бойынша 68,2 мың тонна немесе жоспардың 70,7% сатып алынды, оның ішінде Ресей Федерациясынан 80 тонна жем сатып алынды.
Денис Омашевтың айтуынша, бүгінде өңірдің астық нарығында 1 тонна азық-түлік бидайын сатып алудың орташа бағасы 95 мың теңгені құрайды, жемдік дәннің құны тоннасына орта есеппен 75 мың теңгені құрайды. Қазіргі уақытта облыстың ұн тартатын ірі кәсіпорындарында бірінші сортты ұнның 1 тоннасының сату бағасы 132 мың теңгені, жоғары сорт 150-163 мың теңгені құрайды. 2019 жылдың қыркүйегінде бидайдың сапасына байланысты 1 тонна үшін 74-78 мың теңге, 1-сұрыпты ұнның 1 тоннасы 105 мың теңгені, ең жоғары сұрыпты ұн 124-143 мың теңгені құрады. Астық пен ұнның бағасы әлемдік нарықтағы сұраныс пен бағаларға байланысты қалыптасады. Қазіргі уақытта олардың бағасы тұрақты. Өткен жылы баға конъюнктурасын тұрақтандыру және ұн бағасының өсуіне жол бермеу мақсатында тұрақтандыру қоры 1000 тонна көлемінде, биыл жергілікті өндірушілерден 400 тонна 1-сұрыпты ұн сатып алынды. Биыл облыста ұн бағасының өсуі байқалмайды, нан бағасы да сол деңгейде және жергілікті атқарушы органның бақылауында тұр.

Батыс Қазақстан облысы

ГҮЛБАРШЫН ӘЖІГЕРЕЕВА

24 рет

көрсетілді

0

пікір
Алдыңғы мақала Отандық техника егістікті бағындыруда
Келесі мақала КТЗ: Өткені өрісті, келешегі келісті кәсіпорын

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Сіздің электронды пошта жарияланбайды. Қатарды міндетті түрде толтырыңыз *

TENGE MONITOR №44

29 Қазан, 2020

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Ахас Қайырұлы Тәжутов

“TENGE MONITOR” апталық газетінің бас редакторы