• Ақпарат
  • 15 Қазан, 2020

Диагностика қаншалықты қолжетімді?

Еліміздің барлық өңірлеріне отандық өндірістен шыққан цифрлық рентген аппараттары беріледі. Олардың қашан жеткізілетінін денсаулық сақтау министрі Алексей Цой айтып берді.

«Пандемия уақытында халыққа диагностикалық қызметтерді қолжетімді ету үшін облыстар әкімдіктері отандық өндірістен шыққан цифрлық рентген аппараттарын сатып алып жатыр. Осы аппараттың алғашқы 24-і 20 қазанға дейін Қостанай, Ақмола, Түркістан облыстарына жеткізіледі. Қалған өңірлердің бәріне аппарат 30 қазанға дейін жеткізіледі», – деді А. Цой ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, медици­налық қызметті жақсартудың тағы бір талабы – алыстағы елді мекендер үшін көліктік медицинаны дамыту. Бү­гінгі күні көшпелі медицина кешендерінің 28 данасы әзірленді. Оның бір бөлігі Қостанай қаласына жеткізілді. Қалған кешендер аймақтарға таратылады. Келісімшартқа сәйкес олар елді мекендерге 20 қазанда жеткізілмек.
Сондай-ақ ОКҚ брифин­гінде денсаулық сақтау вице-министрі – бас мемлекеттік санитар дәрігер Ерлан Қиясов ПТР тестілеуден өткізу тәу­лігіне 65 мыңға дейін жеткі­зілетінін мәлім етті,
«Биылғы сәуір айында ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеу елімізде 28 зертханада жүргізіліп, тәулігіне 6 мың тест жасалған еді. 14 қазандағы жағдай бойынша тестілеу 121 зертханада жүргізіледі. Сонымен қатар, тестілеудің жалпы қуаты тәулігіне 45 мың зерттеу­ден асады», – деді вице-министр.
Оның сөзіне қарағанда, қазіргі кезде жаңа зертханаларды ашу шаралары атқарылуда. Сәйкесінше, зертханалардың қуаты тәулігіне 65 мың зерттеу­ге дейін жеткізілмек.

1895 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы