• Білім & Ғылым
  • 22 Қазан, 2020

Қайырымдылық – адамгершілік белгісі

Жуырда Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылатын «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы шеңберінде экономист, қоғам қайраткері, «Тайбурыл» қоғамдық қорының басқарма төрағасы Олжас Құдайбергенов студенттерге онлайн-дәрісін өткізді.

Онлайн-дәріс барысында экономист Олжас Құдайбергенов «Білім-Инновация» лицейінің (бұрынғы қазақ-түрік лицейі) және Республикалық физи­ка-математика мектебінің (РФММ) түлектері өздерінің бо­ла­шақ әріптестеріне сапалы білім алуға көмегі жайына және елімізде қайырымдылық қорларының атқарып жатқан істеріне тоқталды. «Қазақстанда қайырымдылық мәдениеті нашар дамыған деген пікір­мен келіспеймін. Бізде бұл игі іспен азаматтардың көпші­лігі айналысады. Тағы бір мәселе, қарапайымдылық біз­дің мәдениетімізге сіңген. Соны­мен бірге, сол АҚШ-та да қайырымдылық әдетте әр­­түрлі ұйымдар арқылы жүзеге асырылады, яғни мұның бәрі көпшілік алдында жасалады. Қазақтарда қайырымдылық мәдениеті бұрыннан бар, бірақ ол ретсіз сипатқа ие. Тіпті бізде басқа елдермен салыстырғанда қайырымдылықтың жоға­ры пайызы бар», – деді О.Құдай­берге­нов.
Бүгінгі жағдайды талдай келе, экономист Қазақстанда жаңа қайырымдылық ұйымдарын құру қажеттілігі жоқ деген пікір білдірді. Мысалы, «Милосер­дие» ерікті ұйымы, «Шұғыла», «Тайбурыл» сынды жаңадан ашылған қорлар бар. Олардың реттелген және ашық қызметі бар, қаражатты аудару толығымен автоматтандырылған. Қазіргі таңда «Тайбурыл» қоры білім беру саласындағы қайы­рымдылықтың ортақ плат­формасы бола алады.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1638 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы