• Мәдениет & Спорт
  • 29 Қазан, 2020

Киелі мекен шетелдіктердің назарында болуы тиіс

Түркістан қаласында ішкі туризмді дамытуға жан-жақты күш салынуда. Маңызды саланың қазіргі жағдайы мен болашағының мәселелері «Түркістандағы туризм: қарқынды даму уақыты» атты шарада талқыланды.

Аталмыш шарада облыс әкімінің орынбасары Мейіржан Мырзалиев пен қала әкімінің орынбасары Т.Мұсаев, Халықара­лық туризм және меймандостық университетінің ректоры М.Мур­за­мадиева, «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасының бас­шысы Т.Нахипбеков, «Rixos Turkistan» қонақ үйінің бас-директоры И.Челик, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайы­­ның өкілдері, жетекші туропера­торлар, Түркістан өңірінің қол­өнершілері, белгілі спортшы­лар мен қаланың туризм саласының дамуына үлес қосып жүрген азаматтар қатысты.
Басқосуда туристік саланы дамытудың басым бағыттары кеңінен сөз болды. Яғни, спи­керлер заманауи көзқараста ойлай­тын білікті жастарды жұ­мысқа тарту, сондай-ақ еліміз­дегі қалалар мен өңірлердің экономикалық даму драйвері ретінде ішкі және сыртқы ту­ризмді ілгерілету бағытын­дағы өзара қарым-қатынасын реттеу жайы әңгіме арқауына айналды.
Сондай-ақ кездесуде Халық­аралық туризм және мейман­достық университеті мен Түр­кістан облысы, қала әкімдігі, «Rixos Turkistan» қонақ үйі және «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы тарапынан Серіктестік және өзара ынтымақтастық бойынша меморандумға қол қойылды.
Туризм саласына ерекше көңіл бөлінген Түркістанда соңғы жылдары мыңдаған жұ­­мыс орны ашылғаны белгілі. Күннен күнге қарыштап дамып жатқан шаһарды одан әрі ай­шықтай түсетін тың жобалар қолдау табуда. Сондай-ақ, жуық арада ашылуы жоспарланған «Tai-Kazan» этнокешенінде ұлт­­­тық нақыштағы дүниелер, та­ғамдар, суретке түсу мүмкіндігі және қолөнер туындылары та­ныстырылды.

Айбол ҚАДЫРБАЙ

200 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы