• Мәдениет & Спорт
  • 29 Қазан, 2020

Ағаш егу – сауапты іс

Алматы журналистері қаладағы жаңадан ашылған Журналистер аллеясына талшын ағашының көшетін отырғызды. Демалыс күніне сәйкес келген шараға 35 басылымнан 50-ден астам журналист қатысып, 200-ге жуық көшет отырғызды.

Жаңа аллея Абай даңғылында Жароков пен Гагарин көшесінің ортасында орналасқан. Журна­листер көшеттерді отырғызып, дереу суарды. Жасыл экономи­ка басқармасының мамандары ағаш­тарды күту ережелерін си­пат­тайтын парақшалар таратты. Бі­рінші жылы өсімдік тірші­лі­­гінің алғышарты – молынан суару, бұл – жылына 72 рет.
«Біз талшын ағашын таңда­дық, өйткені ол – шаһармен бай­ланысты алғашқы Алматы ағашы. Екінші себеп: жер астын­дағы барлық жерде байланыс бар: инженерлік желілер, су, электр, телефон желілері және тағы басқалары. Бұл аумақ ерек­ше жағдай емес, ал каштан­ның тамыры өте қысқа, бар бол­ғаны үш метр. Жалпы, қала эко­логтардың, «горзеленстрой» мамандарының ұсыныстарын ескере отырып, секторларға ау­дан­дастырылған», – деп түсін­дір­ді Алматы қаласы әкім­дігі­нің жасыл экономика бас­қар­ма­­сы­ның бастығы Наталья Ливин­ская.
Бұқаралық ақпарат құрал­дарының редакциялары өздерінің көшеттеріне маңдай­шалар ор­натып, тегтерді байлады.
«Алматыда экология про­блемасы бар, ағаштар оларды жеңуге көмектеседі, сондықтан мен көшет отырғызу дұрыс деп санаймын. Біздің қала – бақшалар қаласы және біз осы бейнені сақтауымыз керек. Сонымен қатар, ағашты отырғызып, оны ұмытып кетпей, әрі қарай күту және оның тамыр жайғанына көз жеткізу дұрыс болады. Бұл үлкен жауапкершілік», – деді «Atameken Busines» те­ле­арнасының продюсері Роза Утелова.
Журналистердің айтуынша, мұндай игілікті шара қала эко­логиясының жақсаруына сеп­тігін тигізеді, әрі әріптестікті ны­ғайтады.
«Мен әрқашан ағашымды отырғызуды армандайтынмын, ал қазір сондай мүмкіндік туды. Керемет орынды таңдадық, аллея әдемі болып шықты. Олар өскенде, менің ойымша, келесі күзде бұл жерде өте әдемі болады. Мен оны күтіп-баптаймын, суарамын. Мен барлық әріптестерімді көргеніме қуаныштымын», – деді, Sputnik Қазақстанның тілшісі Ольга Тонконог.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

178 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы