• Аймақ тынысы
  • 29 Қазан, 2020

Өткенсіз болашақ болмайды

«Қостанай минералдары» АҚ ұжымы комбинаттың бірінші кезегінің пайдалануға берілгеніне 55 жыл толғанын атап өтуде. Осы уақыт ішінде компания тау-кен өндіру саласындағы ірі әлемдік көшбасшыға айналды.

Бүгінгі таңда компания хризо­тил-асбест өндіру бойынша әлемде төртінші орын алады және ЕАЭО-ға мүше елдердің аумағында жұмыс істеп тұрған хризотил өндіруші комбинаттардың үштігіне кіреді. Кәсіпорында 2 мыңнан астам адам қызмет етеді. Комбинат өз өнімінің 95%-ын әлемдік нарыққа экспорттайды. Қазақстандық хризотилдің негізгі тұтынушылары – өз елімізбен қатар, Өзбекстан, Үндістан, Қытай, Украина, Шри-Ланка, Қырғызстан және тағы басқа елдердің кәсіпорындары болып табылады.
55 жыл ішінде компания 17 млн. тоннадан астам сұрыпты хризотил-асбест өндірді. Мерейтой қарсаңында кәсіпорын ағымдағы жылдың тоғыз айында өз қызметін қорытындылады: 167 мың тонна өндірілді және тұтынушыларға 171 мың тонна сұрыпты хризотил жеткізілді. Жабдықтардың тех­но­логиялық көрсеткіштері мен өнім­­ділігі айтарлықтай жақсарды. Өндірушілер биыл өндірісті 225 мың тоннадан астам деңгейде аяқтауды жоспарлап отыр. Бұл соңғы 7 жылдағы абсолюттік рекорд. Кешеннің жөнге салынған жұмысы өндірісті жаңғыртуға, әлеуметтік саланы дамытуға қаражат салуға мүмкіндік береді, қызметкерлердің әл-ауқатының өсуіне әсер етеді. Есепті жылдың 9 айында қызметкерлердің орташа айлық жалақысы өткен кезеңге қарағанда 11,5%-ға өсті. 2020 жылы кәсіпорынның орындалған инвестициялық бағдарламасы­на сәйкес салым көлемі 3,5 млрд. тең­геден асты. Осы жылы кәсіп­орын қызметкерлерінің тарифтік мөлшерлемелері мен жалақылары екі рет арттырылып, әлеуметтік пакет ұлғайтылды. Қазір кәсіп­орында еңбекақы төлеудің ең тө­менгі стандарты қолданылады және ай толық өтелген жағдайда 100 мың теңгеден кем алатын қызметкерлер жоқ. Пандемия ке­зінде компания барлық жұмыс орындарын сақтап қалды және денсаулық сақтау қызметкерлеріне лайықты қолдау көрсетті.
«Біз бизнесте ғана емес, әлеу­меттік дамуда да айтарлықтай нәтижелерге қол жеткіздік. Жасал­ған және жасалып жатқан барлық жақсылықтар – біздің жітіқаралық тұрғындарға арналады. Дәл бүгінгі күні олар өздерінің еңбектерімен және энергиясымен Жітіқара моноқаласының және әлемдік хризотил өнеркәсібінің дамуына елеулі үлес қосуда. Біз тарих пен дәстүрді құрметтейміз, өндіріс ардагерлерін құрметтейміз, ұлы болашақты дұрыс құру үшін әрдайым өткенді еске аламыз. Біз достық пен жемісті ынтымақтастық дәстүрлерін сенімді түрде нығайта береміз. Өз мақсаттарымызға жалғыз қол жеткізе алмаймыз, сондықтан қызметкерлерімізге олардың тынымсыз еңбегі, өз ісіне берілгендігі және «Қостанай минералдары» АҚ-ның табысты дамуына қосқан зор үлесі үшін шынайы алғысымызды білдіргіміз келеді. Біз алға сеніммен қарай­мыз және жауапты бизнесті дамы­тамыз», – деп атап өтті «Қос­та­най минералдары» АҚ басқарма төр­аға­сы Ербол Нұрхожаев.
Жарты ғасырдан астам уақыт бойы «Қостанай минералдары» компаниясы қауіпсіздік мәселе­леріне басымдық бере отырып, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ете отырып, қызмет­кер­лерге қамқорлық жасай оты­рып және жергілікті халықты қолдай отырып, тау-кен өндіру саласында жаңашыл жұмысты жүргізіп келеді. Қазіргі уақытта технологиялық жаңғыртудың 5 жылдық «жол картасы» іске асырылуда. Кәсіпорында қыз­мет­керлерді дамытуға және корпоративтік мәдениетке үлкен көңіл бөлінеді.
Кәсіпорын 2014 жылдан бастап өзінің шикізат эконо­микасын индустриялық әртарап­тандыруға сенімді бағыт алды және жол саласындағы жаңа өнімдермен нарыққа шыға отырып, бірқа­тар жобаларды іске асырды: асфальт-бетон зауыты салынды, фрак­циялық қиыршықтас өндіру қон­дыр­ғысы іске қосылды, жол құры­лысы үшін тұрақтандырушы «EcoTop» қоспасын өндіру техно­ло­гиясы, минералды әм­бебап ұн­тақ әзірленді және қол­данылады. Өте өршіл міндет қойылды: 2022 жылға қарай бизнестің негізгі емес бағыттары бойынша кіріс үлесін 30 пайызға дейін арттыруға қол жеткізу. «Қостанайминералдықтар» өзінің қосымша өнімін айтарлықтай сұранысқа ие деп есептейді, себебі, негізінде жаңа өнім шығарылған минералды талшықтың қасиет­тері арқасында оның басқа ма­те­риал­дарға қарағанда даусыз сапалы артықшылықтары бар.

Нұрлан ҚҰМАР

331 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы