• Ақпарат
  • 29 Қазан, 2020

Эпидемиологиялық жағдай бақылауда

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес өңірлердің эпидемиологиялық жағдайымен және коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындығымен танысу мақсатында Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов жұмыс сапарымен Атырау облысына барды.

Ол өткізген жедел кеңесте Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов коронавирус инфекциясының екінші толқынына дайындық туралы баяндады. Ералы Тоғжанов өңір басшылығына эпидемиологиялық ахуалды, халықты және медициналық мекемелерді дәрі-дәрмекпен, сондай-ақ өкпені жасанды желдету аппараттарымен, оттегі концентраторларымен қамтамасыз ету мәселесін ерекше бақылауда ұстауды тапсырды. Сондай-ақ, өңір басшылығына карантин режимін сақтау қажеттілігі туралы халық арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Премьер-министрдің орын­басары жұмыс сапарының ­ 200 төсек-орындық модульді жұқпалы аурулар ауруханасы құрылысының барысымен танысты. Облысты дәрі-дәрмекпен қамтудағы тұрақтандыру қорына, аймақтың дәріхана желілеріне 42 атау бойынша дәрілік заттарды жеткізетін «Іңкәр» ЖШС қоймасына барды. Бұдан соң Атырау қаласындағы №4 емханада болды. Келушілердің температурасын автоматты түрде өлшейтін роботты іске қосқан емханада 343 медицина қызметкері жұмыс істейді.
Е.Тоғжанов өңірде «Жұ­мыспен қамтудың 2020-2021 жыл­дарға арналған жол картасы» бағдарламасы аясында жүргізіліп жатқан алты жолақты автожолдың құрылыс жұмыстарының сапасымен, 600 орындық мектеп құрылысының барысымен танысты.

2008 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы