• Өндіріс өрісі
  • 05 Қараша, 2020

Қалдықсыз өндіріске көшкен «Кублей» тері илейді

Ақ Жайық өңірінде 29 жасқа дейінгі жас кәсіпкерлерді қолдауға арналған гранттық қаржы беру конкурсы басталды. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифингте облыстық кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы басшысының орынбасары Мақсат Құланбаев мәлімдеді.

Қазіргі экономикалық қиын­­дықтарға қарамастан тұрақты өсуді, еңбек өнімділігін арттыруды ойлайтын оралдық серіктестік жаңа цехты іске қосуға қам жасап отыр. Бүгінде тері-терсек өңдеу цехына итальяндық құрал-жабдықтар қойылған. Мұндағы мал терісін жұмсартатын үлкен сыйымдылықтар да көзге бір­ден түседі. Олар африкалық қызыл ағаштан жасалыпты. Оның біреуінің сыйымдылығы 30 текше метр шамасында, бұл жабдықтарды пайдалану мерзімі – 30 жыл. Цехта теріні жұмсартатын, жуып-сығатын және дайын терінің көлемін өлшейтін жабдықтар бар. Олар­дың көмегімен малдың тері-терсегі итальяндық технология бойынша өңделмек. Қазір зауытта тері өңдеу жұмыстарына бас-көз болатын тері өңдеу технолог маманы жұмысқа қабылданған. Жалпы жаңа өндіріс орнында хромдал­ған WET-BLUE жартылай дайын өнім – тері өндіріледі. Жартылай дайын өнімнен, яғни қалың тері материалынан арнайы жұмыс аяқ киімінің үстіңгі және астыңғы бөлік­тері дайындалады. Ондай аяқ киім кен орындарында еңбек ететін жұмысшыларға арналып тігілмек.
Аталмыш серіктестіктің өн­діріс жөніндегі меңгерушісі Гүлнұр Дошмұханованың ай­­туы­на қарағанда, жаңа цех іске қо­сы­луға толықтай дайын. Еліміз­дегі тиісті орындары итальяндық мамандардың «Кублей» кәсіп­орнына келіп, жобаны іске қосуына рұқсат берген.

 

Өз мемлекеттерінен рұқсат алған соң, итальяндық мамандар Оралға келіп, өндіріс ошағының «отын» жағып, құрал-жабдықты пайдалануға тапсырмақ.
Үлкен бөшкелерде терілер түрлі химикаттардың көмегімен жібітіл­мек. Ондай заттар Италиядан техноло­гияға сәйкес тасымалданады. Оның үстіне елімізде тері өңдеуге жарамды химиялық заттардың өндірілмей­тіні бесенеден белгілі. Тері өңдейтін жабдықтар аусымына 600 теріні өңдеуге қауқарлы. Бұл цехтың басты артықшылығы – өндірісте қалдықтың қалмайтындығында. Кәсіпорында тоңазытылған, мұздатылған ет және жар­тылай дайын ет өнімдерін өңдейтін кешен жұмыс істейді. Онда ірі қара, уақ жандық, жылқы соятын қасапхана бар. Одан басқа қалбыр зауыты да 100-ден астам өнім түрін өндіреді.
– 2017 жылы ашылған цехы­мызға бәсекеге қабілетті болу үшін қалдықсыз өндіріс үрдісін енгіздік. Мұнда малдың сүйегі, мүйізі, ше­міршегі, сіңірі, яғни азық-түлік­тік емес қалдығының барлығы өңделіп, етсүйек ұны және мал майы өндіріледі. Оның құрамында 50 пайыздан астам күрделі белоктар – протеиндер бар. Цехтағы заманауи еуропалық жабдықтар толықтай аутоматтандырылған, компьютермен басқарылады. Күн сайын цехта 18-20 тонна қалдық өңделіп, 9-10 тонна етсүйек ұны мен мал майы алынады. Өнімдерімізге сұраныс күшті. Оларды Түркістан, Қостанай және өзіміздің өңірдегі құс фабрикаларына өткізе­міз. Мал майын сабын өндірісімен айналысатын кәсіпорындар алады. Кәсіпорындағы өндіріс тізбегі тұйық­талған, яғни малды союдан бастап оның қалдығын өңдеп кәдеге жаратамыз. Қалдықсыз өндіріс барысында табиғатқа зиянды қалдықтар шығарылмайды, сондықтан ол қо­ғамға экологиялық жағынан қауіп­сіз, – деді Гүлнұр Дошмұханова.
Оның айтуынша, етсүйек ұны құс фабрикаларында бройлердің, бордақылау алаңдарындағы мал­дың азықтық жеміне қосыла­тын таптырмас қоспа. Сондай-ақ ауыл шар­уашылығы саласында тыңайтқыш ре­тінде пайдаланылады. Ал мал майы сабын өндірісінде қолданылады.
«Кублей» ЖШС-ның өндірген сапалы өнімдері тек елімізде ғана емес, таяу және алыс шетелдерге танылған. Отандық өнім Иран, Қытай, Қырғызстан, Түркіменстан, Ресей елдеріне шығарылады. Оның вакуумдық орамадағы сиыр еті, қалбырдағы өнімдері Атырау, Ақтау және Оралдағы ірі сауда орындарында өз тұтынушыларын тапқан.

Орал қаласы

ГҮЛБАРШЫН ӘЖІГЕРЕЕВА

395 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы