• Білім & Ғылым
  • 12 Қараша, 2020

Балалар қауіпсіздігі – басты назарда

Нұр-Сұлтанда БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) БҰҰ-ның білім, ғылым және мәдениет жөніндегі ұйымымен (ЮНЕСКО), Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен (ДДСҰ), Дүниежүзілік банкпен және жергілікті серіктестермен бірлесіп, мектептердің жабылуы мен ашылуы аясында әр баланың білім, денсаулық және қауіпсіздік құқық­­тарын ілгерілету мен қорғау бойын­ша вебинарлар сериясын іске қосты.

 Вебинарлар білім беру сала­сының мамандары­ның COVID-19 жағдайында мек­теппен байла­нысты денсау­лық сақтау шара­ларын жүзеге асырудағы потен­циалын арттыруға, оқу шығындарын азайтуға және балаға бағытталған инклюзивті, цифрлық және аралас оқытуды ұйымдастыруға мүмкіндік беруге бағытталған. Вебинарлар сериясы 2020 жылдың төртінші тоқсанында айына бір вебинар өткізіледі. Ай сайын білім және денсаулық сақтау департаменттері, мектеп басшылығы мен мұға­лім­дер Мектептерді қауіпсіз және жүйелі түрде біртіндеп іске қосу, Жетілдірілген және шокқа тұрақ­тырақ мектеп жүйелерін қалып­тастыру,  Аралас оқу жағдайында инклюзивті оқуды қамтамасыз ету деген тақырыптарға арналған пікірталасқа қатыса алады.

COVID-19 пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру жүйесіне қатты әсер етті. Көптеген елдер басқа кең таралған шектеулермен қатар COVID-19 таралуының өсуіне байланысты жедел жауап ретінде мектептерді жауып тастады. Мектептердің жабылуы балалардың денсаулығына, біліміне және дамуына, отбасының кірісі мен жалпы экономикаға теріс әсер етуде.

2020-2021 оқу жылының бірінші тоқсанында Қазақстан бастауыш мектептерде офлайн оқытуды қайта бастай отырып, аралас тәсілді қолданды. ЮНИСЕФ, ЮНЕСКО, ДДСҰ және Дүниежүзілік банк бірнеше маңызды факторларды ескере отырып, мектептерді жабу немесе қайта ашу туралы шешімді анықтайтын қауіпті бағалауға негізделген тәсілді қолдайды. Мәселен, жергілікті деңгейдегі COVID-19 эпидемиологиясы, білім беру мекемелерінің өз жүйесін қауіпсіз жұмыс үшін жоспарлау және бейімдеу мүмкіндігі және вирустың таралуын азайту, мектептердің жабылуының білім берудегі шығындарға әсері, әділеттілік, балалардың жалпы денсаулығы мен әл-ауқаты, сондай-ақ мектептен тыс жүзеге асырылатын бірқатар басқа денсаулық сақтау шаралары қарастырылған.

«Мектептердің жабылуы бүкіл әлемдегі балалардың оқу процесін бұзды, бұның шұғыл және ұзақ мерзімді салдарлары болды. Тиісті сападағы жалпыға қолжетімді қашықтықтан оқыту болмаған кезде білім берудегі теңсіздік күшейеді. Қазір барлық балалар үшін сапалы оқытуды қайта бастау және оқу шығындарын өтеу өте маңызды. Қауіпсіз жерде мектептер қайта ашылуы қажет. Сонымен қатар, білім беру жүйесін қайта қарастыру, көптеген оқыту жолдарын ұсынатын және денсаулық сақтау мәселелеріне де, басқа да күйзелістерге төзім­ді,оқушыларға бағытталған инклюзивті білім беретін жүйені құру үшін шұғыл инвестициялар қажет», –  деді Қазақстан­да­ғы ЮНИСЕФ-тің өкілі Артур ван Дизен.

Кез-келген қажеттіліктері бар барлық балалар үшін қол жетімді инклюзивті білім жүйе­сін құру білім беру жүйесін жоспар­лаудың негізінде тұруы қажет. Қазақстанда онлайн-оқыту үшін оннан астам онлайн-оқыту платформасы құрылды, бірақ оқу материалдары ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімдеуді қажет етеді. Сандық оқу мазмұнын жасаудан гөрі, оны жеке оқушылардың нақты қажеттіліктеріне бейімдеудің шұғыл қажеттілігі бар.

«Мектептердің ашылуы қазіргі кезде әлемнің көптеген елдерінде, соның ішінде Қазақ­станда сапалы білім берудің маңызды мәселелерінің бірі болып табылады. Көптеген адамдар үшін пандемияның жаңа толқындарына немесе қазірдің өзінде пайда бол­ған жағдайлар санының артуына байланысты мұны қалай шешу керектігі әлі түсініксіз. Бірақ бүкіл әлемдегі көптеген балалар үшін оқушыларға бағытталған аралас оқыту мүмкіндіктері сапалы білім алудың бірден-бір кепілі болып табылады. Бұл вебинарлар мүдделі тараптарға бүкіл әлем бойынша осыған байланысты негізделген шешімдер қабылдау үшін негіз­гі ұсыныстар мен сабақтар­ды зерттеуге көмек­­те­седі деп үміттенеміз»,  –  деді, ЮНЕСКО-ның Қазақстан, Қырғызстан және Тәжікстандағы өкілі Криста Пиккат.

Вебинарлар барысында ұйым­дас­тырушылар балаға бағыт­талған аралас оқыту тұжырым­да­масын және оқу платформалары мен құрылғыларын балалардың қажеттіліктеріне бейімдеудің қол­даныстағы шешімдерін ұсынады.

«Мектептердің жабылуы­ның нәтижесінде әлем базалық білім беруге мемлекеттік инвес­тициялардың 16%-на дейін жоғалтуы мүмкін. Түзету шара­ларынсыз біз 2030 жылға қарай нашар оқитындардың үлесін 50%-ға қысқарту жөнін­дегі мақсатқа қол жеткізуде едәуір сәтсіздікке ұшыраймыз. Осы­лайша, «вируспен өмір сүру» ойлау тәсілін қабылдау, саясат­ты өзгеріп жатқан жағдайларға сәйкес түзету және мектептердің жұмысын біртіндеп қайта бастауға арналған құралдардың бір бөлігі ретінде қашықтықтан оқыту сапасын жақсартуды жалғастыру өте маңызды», – деді Қазақстандағы Дүниежүзілік банктің Орталық Азиядағы адами даму бағдарлама­ларының жетекшісі Сусанна Хайрапетян.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

1557 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы