• Мәдениет & Спорт
  • 12 Қараша, 2020

Спорт пен ойын-сауық қызметтері табыс әкелуде

Соңғы жылдары әділ сынға алынып жүрген берекесіз шоу бағдарламалар мен телеарналарды жаулап алған арзан сайқымазақ күлкіге негізделген «әртіссымақтар» өнерін карантин сап тыйғаны аян. Дегенмен, сол карантиннің жайсыз әсеріне қарамастан, спорт пен ойын-сауық қызметтері былтырға қарағанда ақшалай түрінде 27%, нақты алғанда – 21%-ға өсіпті. Бұл туралы finprom.kz өз сайтында жазады.

 

2020 жылдың қаңтар-мау­сымында спорт, демалыстарды ұйымдастыру мен ойын-сауықтар саласында көрсе­тілген қызметтердің көлемі 124,3 млрд теңгеге жеткен, сөйтіп бір жыл бұрынғыдан бір­ден 27,4%-ға артқан. Нақты көлем индексі (НКИ) 21,3% құраған.

Экономиканың, бақылан­байтын секторындағы қызметтерді есепке алмағандағы, қызметтер көлемі бір жылда 26,6%-ға өсіп, 123,5 млрд теңгеге жеткен. Бұл ретте осыншама соманың еліміз бойынша қызметтердің барлық көлемінің тек 14,6%-ы ғана ауылдық жерлер еншісіне бұйырған.

Бұдан бір жыл бұрын осындай кезеңдегі көрсеткіш соның алдын­дағы жылға қарағанда азғантай ғана – 0,9%-ға артып, 97,6 мың теңгені құрапты (1-инфографика).

Аймақтарға бөлгенде қызмет­тердің неғұрлым көп көлемі астанамыз еншісінде екен: мұнда 47,3 млрд теңгеге, яғни ақшаға шаққанда бір жыл бұрынғыдан үш есе көп қызмет көрсетіліпті. Үздік аймақтар үштігіне сондай-ақ Алматы (9,7 млрд теңге, минус 45,8%) және Қарағанды (8,9 млрд теңге, плюс 8,9%) облыстары енген. Қызметтердің мейлінше аз көлемі Түркістан облысында көрсетілген: бар-жоғы 2,6 млрд тең­геге – жылға шаққанда плюс 20,5%.

Мәдениет және спорт ми­нистрлігі алдына халықты, бі­рінші кезекте балаларды, дене шынықтырумен айналысуға белсенді түрде тарту, сондай-ақ спорт секцияларын және балалар үйірмелерін ашу бойынша міндеттер қойылды, деп хабарлады премьер-министрдің ресми ресурсы (2-инфографика).

Өз кезегінде, Мәдениет және спорт министрлігі ойын түріндегі (футбол, хоккей, гандбол, волейбол, баскетбол, регби, көгалдағы хоккей, т.б.) республикалық федерациялар басшыларымен жиналыс өткізді. Алқалы жиын барысында клубтардың қар­жы-қаражаттарын қайта бөлуге бірыңғай талап қа­растырылды. Федерациялардан клубтарда төлеуге бюджеттің 50%-ына дейін жұмсалатын спортшы­лардың жалақыларын реттеу бойынша ұсыныстар түсті.

Айта кету керек, бірінші жар­ты­­жыл­дықтың қорытындысы бойын­ша спорттық клубтар іс-қимылы саласына қызмет түрле­рінің неғұрлым көп көлемі көрсетілген: 13,2 млрд теңге – бір жыл бұрынғыдан 15,3%-ға артық. Қызметтердің тағы 7,5%-ы спорттық ғимараттарды пайда­лануға көрсетілген: бір жылда плюс 3%, яғни 9,3 млрд теңгеге дейін. Фитнес-клубтар қызметінің көле­мі екі есеге, 3,7 млрд теңгеге дейін құл­дырап кеткен (таблица).

 

 Исатай ҚАМБАРОВ

163 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы