• Өндіріс өрісі
  • 12 Қараша, 2020

Kelun-Kazpharm: Импортты алмастырудың игі үлгісі

Барша әлемге жайылған қауіпті дерт жеке қорғаныш құралдарымен және барлық қажетті дәрі-дәрмекпен жеткілікті қамтамасыз ету үшін ресурстардың болуы қаншалықты маңызды екендігін көрсетті. Осы өзекті мәселені шешуге үлес қосып отырған компаниялардың бірі – Kelun-Kazpharm.

Еліміздегі фармацевтикалық өнімдердің ірі өндірушісі ретінде танымал кәсіпорын жылына 90 млн құты инъекциялық ерітінді шығарады. Алматы облысының аумағында орналасқан зауыт 2014 жылы іске қосылған және фармацевтикалық өнімді екі желі бойынша үлкен көлемде өндіреді. Зауыттың қуаты ішкі нарықты толық көлемде дәрілік өніммен қамтамасыз ету үшін жеткілікті көлемде инъекциялық ерітінділер өндіруге мүмкіндік береді. Өнім өндірудің жылдық көлеміне 150-ден астам атау енгізілген. Полипропилен бөтелкелерінде жасалған өнімдер тасымалдау мен пайдалануда өте ыңғайлы.
Зауыттың фармацевтикалық өнімінің негізгі сипаттамалары халықаралық стандарт талаптарына және өнімді тұтынушылардың негізгі тобының қалауына сәйкес келеді. Сонымен бірге өндірісті жоғары деңгейде ұйымдастыру ішкі нарықты отандық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге, сол арқылы импортты алмастыруға және сыртқы сату нарықтарына шығуға ықпал етеді. Бүгінде компания өнімі Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Ресей сияқты елдерге экспортталады.
«Бүгінде Kelun корпорациясы 20-дан астам елде танымалдылыққа ие болған өнімнің жаппай экспортын жүзеге асыруда. Бұл жұмысты біз сондай-ақ СҚ-Фармация бірыңғай дистрибьюторының қолдауымен, фармацевтика саласын дамыту және жергілікті нарықта дәрілік заттардың құнын айтарлықтай төмендету бөлігінде жүзеге асырдық. Бірлескен жұмыстың арқасын­да отандық фармөнімнің үлесі экспорттың 80%-ын қамтамасыз етеді, нарықтағы өндірістің өзі жалпы көлемнің 20%-ын құрайды» – дейді «Kelun-Kazpharm» ЖШС коммерциялық директоры Ермек Молдақапасов.
Отандық фармацевтикалық өндірісті дамытуда мемлекеттің қолдауы және қазақстандық дәрілік заттарды өндірушілермен ұзақ мерзімді шарттар жасасу жөніндегі «СҚ-Фармация» ЖШС жобасын іске асыру шешуші рөл атқарады. Ынтымақтастықтың мұндай түрі отандық өндірушілер өндіретін дәрілік заттар номенклатурасының тізімін кеңейтуге мүмкіндік береді. Осындай компаниялардың бірі ретінде Kelun-Kazpharm бірыңғай дистрибьютормен ұзақ мерзімді шарт жасасқан.
Отандық фармацевтикалық заттар өндірісі үлесінің өсуі жаңа өндірістерді іске қосумен, қолда бар қуаттарды жаңғыртумен және шетелдік әріптестерді тартумен байланысты. Компанияда жоғары сапаны қамтамасыз ету үшін барлық шығарылатын өнім Жапония мен Тайвань өндірісінің заманауи жабдықтарында тестілеуден өтеді, сондай-ақ Сингапурдан импортталатын шикізат пайдаланылады. Kelun-Kazpharm алғашқылардың бірі болып QR-код арқылы өнімді таңбалау жүйесін енгізді, ол өнімнің қозғалысын қадағалауға және ашықтықты қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Бүгінде кәсіпорында 420 адам еңбек етеді. Зауыт қызметкерлері жұмысқа қабылданатын әрбір маман үшін фармацевтикалық өнеркәсіп, ғылыми зерттеулер мен әзірлемелер саласында оқыту жүргізеді. Сонымен қатар өндіріс ошағы С.Асфендияров атындағы медицина университетімен ынтымақтастық орнатқан. Ол бойынша оқу орнының түлектері Қытайда біліктілігін арттыру бойынша тағылымдамадан өтіп, білімдерін шыңдайды.

БОТАГӨЗ ӘБДІРЕЙҚЫЗЫ

208 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы