• Ақпарат
  • 12 Қараша, 2020

Өнім қауіпсіздігі – маңызды мәселе

Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен палатаның жалпы отырысында депутаттар Техникалық реттеу туралы заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдады.

Заң жобасы Мемлекет басшысының жаңа редакция­дағы техникалық реттеу туралы заңды дайындау қажет­тігі туралы тапсырмасын іске асыру мақсатында әзірленді. Маңызды құжатты талқылау барысында Мәжіліс төрағасы жаңа заң жобасының сал­мақты тұстарына ерекше назар аударды. Ол аталмыш заң жобасының қазақстандық нарықты сапасыз тауарлардан қорғауға бағытталғанын айта келіп: «Ең бастысы, өнім қауіпсіз болу керек. Басқа мәселелерді, мысалы, өнімге маркировка жасау жағдайын кәсіпкерлердің өздері шеше алады. Ол үшін тауарды қай­таруға, немесе өткізбеуге жол бермеу керек. Себебі, бұл кәсіпкерлер үшін өте үлкен шығын», – деді.
Енді осы заң жобасына сәйкес, мемлекеттік бақылау өнімді өткізу сатысында ғана емес, оны еліміздің аумағына әкелгенге дейін жүргізіле­тін болады. «Жасыратыны жоқ, осыған дейін кез келген өнім елімізге кір­геннен кейін тексерілетін. Қауіпті жағдай болса, сонда ғана анықтау басталатын. Енді өнім Қазақстанға кірмей тұрып, мемлекеттік бақылаудан өтеді. Қауіптілігі анықталған тауарлар бірден қайтарылады. Бұл өте ма­ңызды, қажетті қадам», – деді Н.Нығматулин.
Палата спикерінің пікірін­ше, заң жобасына енгізілген түзетулер тұтынушыларды қауіпті тауарлардан қорғауды күшейтеді. Сонымен қатар отырыс барысында депутаттар жауапты мемлекеттік органның басшысына бір­қатар сұрақтарын қойды.

1999 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы