• Білім & Ғылым
  • 19 Қараша, 2020

Мектеп мәдениеті деген не?

Мәдениет – бұл ортақ құндылықтар мен ұстанымдар. Біз бәріміз белгілі бір нәрселерді ұстанамыз: кейбірі жалпы, кейбірі ерекше, кейбірі бірегей, кейбірі қатаң ұстанатын, кейбірі болжалдайтын. Дегенмен, адамдардың қалыптасқан топтары арасында келісімге келгеннен кейін құндылықтар мен ұстанымдарды алмаса бастаймыз. Өйткені қандай да болмасын ұйым адамдарға қызметтес болуға, өзара қарым-қатынас орната отырып, жалпы ұстанымдар мен көзқарастарды қалыптастыруға ықпал етеді. Осы жағдайда ғана мектеп пайымдауын, миссиясын, стратегиялық мақсаттарды жүзеге асыруға мүмкіндік аламыз.

Сонымен мектеп мәдениеті дегеніміз – білім беру үдерісі субъ­ектілерінің мінез-құлқын бас­қаруға және ұйымның сапалы қайта құрылуына мүмкіндік бе­ретін негізгі құндылықтар мен түсініктер, ресми және бейресми ережелер, нормалар, іс-әрекеттер, дәстүрлер мен сенімдер, қарым-қатынастар жүйесі болып табы­лады.
Мектеп мәдениетін анық­таудың бірнеше тәсілдері бар. Соның ішінде «Мектеп мәде­ниеті» тақырыбында коучинг өткізіп, оның бастапқы бөлігінде «мектепте бірден көзге түсетін ерекше нені байқадыңыз?» сұ­рағынан басталған тәсілді қол­данғанымызды айтып өтейік. Бұл коучинг өзгерістерді енгізу басталған кезде және соңында жүргізілді. Бастапқы сұрақты мектепке жаңадан келген мұ­ғалімдерге қойған дұрыс болады екен. Сырт көз сыншы деген. Бастапқыда флипчартқа барлық айтылған артефактілер жазылады. Ол жағымды да, жағымсыз да болды. Онан кейін анықталған артефактілер бойынша сұрақтарға жауап алынды. Бұл үдеріс 1-1,5 сағат уақытты алды.
Бұдан нені анықтай алдық. Егер мысалы, 7а сыныбының оқушылары сабақта топтық тапсырманы орындауға қы­зығушы­лықтары басым деген көзге көрінетін әрекетті көре алдық. Оқушылар осыны тү­сіндіргенде мектептің мис­сиясы, стратегиялық мақ­сат­тарына сәйкестендіріп айта алса, онда мектеп мәдениетіне жақын келдік. Басқадай түсіндіру, мысалы «қазір талап етіп отыр ғой» деген сияқты жауап алынса, онда мектеп мәдениеті туралы айту әлі ертерек. Ары қарайғы, мысалы, «оқушыларды топтық жұмысқа тарта отырып сыни ойлануға ықпал етуге болады» деген жауапқа көшбасшы қуана бастауы керек. Осылай тізімделген барлық артефактілердің пайда болу негізін анықтау арқылы мектеп мәдениетінің деңгейі анықталды. Өзгеріске дейін және кейін жүргізілген бағамдаулар арқылы нені мәдениетке орнық­тыратынымызды, нені жақсарта­ты­нынымызды анықтауға болады.
Сонымен мектеп мәдениеті дегеніміз – білім беру үдерісі субъектілерінің мінез-құлқын басқаруға және ұйымның сапалы қайта құрылуына мүмкіндік беретін негізгі құндылықтар мен түсініктер, ресми және бейресми ережелер, нормалар, іс-әрекеттер, дәстүрлер мен сенімдер, қа­рым-қатынастар жүйесі болып табылады.
ӨЗГЕРІСТЕРДІ МЕКТЕП МӘДЕНИЕТІНЕ ОРНЫҚТЫРУ ҮШІН ҚАНДАЙ
ӘРЕКЕТТЕР ҚАЖЕТ?

– Барлық мүдделі тұлғаларды бірыңғай пайымдауды дамытуды жалғастыруға шақыра отырып, табысты жетістіктермен бөлісіңіз.
– Ұйымның жаңа қызмет­керлерін пайымдаумен, мис­сия­мен, стратегиялық мақсат­тар­мен таныстырыңыз және олар­ды осыларды алға жылжытуға үгіттеңіз, шақырыңыз.
– Жаңа тәртіп пен жаңа мәде­ниетті мұғалімдермен кәсіби сұх­баттасу сұрақтарына қосыңыз. Команда көшбасшыларына үміткерлердің ұйымның мақсат­тары мен міндеттерімен таныс екеніне көз жеткізіңіз. Содан кейін, кан­дидаттар осы мәдениетке сәй­кес келетіндігіне мән беріңіз.
– Қажет болса, көшбасшылар орындарын ауыстырыңыз.
Мектеп мәдениеті үдерістің соңында көрінгенмен, ол үде­ріс барысында қалыптасады немесе дамиды. Мектеп мә­дениеті оқу­шының дамуына жұмыс жасай­тынын әсте естен шығар­мауымыз керек. Өзгерістерді енгізу, оны басқару мектеп бас­шысына көп талаптар қояды.
Зерттеу нәтижесін жазу бары­сында басқаларды ынталандырып жүрген көшбасшының өзін не ын­таландырады? Ауқымды істерді атқаруға қабілетті адамды алға ұмтылдыратын не? Басқалардың өзінің жанынан табылуына оның қандай әрекеттері әсер етеді? деген қызықты сұрақты өзімізге қоя отырып, соңғы түйінді идеялар ретінде соның жауабын беруге тырыстық.
– Көшбасшыны ынталанды­ратын кешегі өткен істер емес, қа­­зір­гі және болашақтағы тың істер.
– Көшбасшыны алға жыл­жытатын В.Крюгер «Айсбергін­дегі» тереңнен басқару, С.Кови ұсынған жеті дағды, McKinsey 7S моделіндегі «жұмсақ Ss».
– Басқалардың өзінің жанынан табылуына оңды ықпал ететін эмоциялық зиятының болуы.
– Өмір бойы үйренуге құш­тарлық.
– Дамудың қозғаушы күші ретінде қоғамдастықта жұмыс жасау көшбасшыны жігерлендіреді.
Дж.Коттер кез келген өзге­рістерді жүзеге асыру кезінде туындайтын қиындықтарға бай­ланысты көптеген адамдарды тартуға тура келеді, ол ұзаққа со­зы­латын үдеріс, сондықтан өз тә­жіри­бесіндегідей сегіз қадамның болғанын ұсынған. Осы ұсыныстың тиімділігін өз зерттеуіміз бары­­сында көре алдық. Бизнес сала­сын­дағы қадамдарды мектепке икемдеу, әрине, қиындықтар туғызды. Теорияларды ұзақ тал­қылауға тура келді. Дегенмен, зерт­теуге қатысушы барлығымызға осы әрекеттеріміз ұнағандықтан алға талпындық. Ең бастысы, оқу­шылардың оқу барысындағы өсу-өзгерістері мен қуанышын көргенде, ата-аналардың риза­шылығын естігенде жасаған ісі­міздің зая кетпегенін сезіндік.

Бағдагүл САЙФУЛЛАҚЫЗЫ,
Айман БИПАЖАНОВА,
«Назарбаев зияткерлік мектептері»
ДББҰ Педагогикалық
шеберлік орталығы
Алматы қалалық филиалының
аға менеджерлері

3170 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы