• Тарих
  • 19 Қараша, 2020

«Екі туысқан Орда»: ноғайлар мен қазақтар

Суретте: Ахмет Ярлыкапов

(Жалғасы. Басы өткен санда)

Сонымен айналып келгенде, қыпшақтардың (половецтердiң) казiргi ұрпағы – қазақтар мен ноғайлар. Олар – бiр халық. Ноғай фольклоры толығымен қазақ ауыз әдебиетiнiң құрамына кiредi. Демек, ноғай – қазақтың құрамдас бөлiгi.

Солтүстiк Кавказда олардың қалдырған iздерi жағалай сайрап жатыр. Тек «Қойсу» деген атауы бар бiрнеше өзен бар. Ондай атауды қазақ пен ноғайдан басқа кiм беруi мүмкiн?! Қарашай мен балқар халықтарын осетин тайпаларынан бөлiнiп шығып, ноғай-қазақ тiлiн қабылдаған таулықтар деуге рет бар сияқты. Балқарлар өздерін «таулы» деп атайды. Қазiрдiң өзiнде қарашай-балқар тiлi қазақ тiлiне өзбек, татар тiлдерiнен, тiптi кейiнгi 100-150 жыл iшiнде мықтап татарланған башқұрт тiлiнен де жақын. Ал сол башқұрт халқының өзiнiң бiрталай бөлiгiн қазақ-ноғайдың Жетiру – Жетiсан (Едисан) тайпасына кiретiн табын руы құрайды.

Башқұртстанның орыс-казакта­рының өзi өздерiн «Табынские казаки» деп атайды. Осыдан біраз жыл бұрын олар Алла Пугачева мен Филлип Киркоровқа «Икона Табынской божьей матери» дегендi сыйға тартты...

Осетияда орыс әкiмшiлiгi орна­ғанға дейiн билеушi тап өкiлдерiн «тауби» деп атаған. Ноғай мен қазақ­тың атқамiнерi «би» болса, карашай, балқар және осетин атқамiнерi «тауби» болған. Яғни осының барлығы жалпы бiр түсiнiк ауқымына саяды. Оның үстiне ең құдiреттi деген осетин кландарының фамилиялары қазақ фамилияларынан ешбiр айнымаған. Мысалы: Айдаболов, Есенов...

Ендi Чешенстанға қайтып ора­лайық. Бұл елдiң топонимикасы Қазақ­стандiкiне қарағанда әлдеқайда қазақы көрiнедi. Оның ауылы – «эвл», селосы – «юрт» (жұрт), қаласы – «гiала». Орысты бiзге көршi түркi халық­­­тарының iшiндегi ең жақыны башқұрттың өзi «рус» деп атайды. Ал чешен тiлiнде ол қазақ пен моңғол тiлiндегi сияқты «оьрси» деп аталады. Ал мынадай атаулардың қазақша атаудан қандай айырмашылығы бар: Каргалинская, Кошкельды, Майртуп, Карабулак, Бердакиел(Бардакел)?!

Бiрақ бiз үшiн ең бастысы: чешен халқының тарихи санасы «қазақ» деген атаудың табиғи иегерi «қазақ» па, «орыс казагы» ма деген сұрақтың жауабын сақтап қалған. Чешендер қазақты «казак» деп, ал орыс казагын «гiалаказакхи» (отырықшы казак) деп атайды. Жай «казак» болмаса, «гiалаказакхи» қайдан шығады?! Демек, чешен тiлiнiң логикасы тұрғысынан алғанда, «казак» («қазақ») табиғи түсiнiк те, «гiалаказакхи» жасанды түсінік болып табылады. Бұл – бiрiншiден. Екiншiден, Ресей тарихнамасының мағлұматтарына қарағанда, орыс казактары Терек өзенiнiң жағасын XVI ғасырдан бастап қоныстанған. Бұл рас болса, қазақтар чешендерге одан да бұрын белгiлi болған.

Ал ресми тарихқа жүгiнсек, чешен мен қазақ халықтары бiр-бiрiн 1944 жылы кавказдықтар Қазақстанға жер аударылған уақытта алғаш рет көрген.

Жалпы алғанда, қай жерден ноғай­дың бiтiп, қазақтың баста­латы­нын айырып алу мүмкiн емес қой. Мәселен, ноғайдың Алтыұл ордасынан қазақтың алты ата Әлiмi шықты. Ал ноғай­дың Жембойлық (Джембойлук) деп аталатын руының Жем (Ембi) өзенiнiң бойынан шыққаны атынан-ақ көрiнiп тұр. Бiрақ бұл ноғай­лардың Едiлдiң арғы жағында ғұмыр кешкенiне бiрнеше жүз жыл толды.

Ноғай көп халық болған. Замандасымыз болып табылатын белгілі ноғай тарихшысы және этнографы Ахмет Ярлыкаповтың пікірі мынадай: «Ногайцы – это тюркоязычный народ, который говорит на кыпчакском языке. Вместе с казахским и каракалпакским языками ногайский составляет ногайско-кыпчакскую подгруппу языков. Это три самых близких языка. На самом деле родственных ногайскому языку много. Если отходить от чисто лингвистического подхода, то очень большим является его значение для современного крымско-татарского литературного языка, степные крымские татары - это непосредственно ногаи, они внесли вклад в современный крымско-татарский язык... Население Ногайской Орды в период расцвета составляло больше миллиона человек». Осының өзінен көп нәрсені аңғаруға болады.

Жоғарыда аталған В.М.Кабузан­ның айтуына қарағанда, XVIII ғасыр бойы Кубань алқабында тұрақты халық ретiнде 100 мың ноғай өмiр сүрген 1783 жылы Қырымнан тағы да бiр 100 мың ноғай көшiп келiп қосылады. Тап сол жылы Георгий трактаты деп аталатын орыс-грузин келiсiмшарты дүниеге келдi. Одан соң грузин патшасы Әскери-Грузин жолын салу туралы өтiнiш айтты. Бұл жол 2003 жылғы тамыз айының басында госпитальде ғаламат қырғынның орны болған қазiргi осетиннiң Моздок қаласынан бастау алды. 1783 жылдың қазан айында орыстың ұлы қолбасшысы ноғай мәселесiн шешуге кірісті. Оның әскерi де жорыққа Моздоктан шықты...

Содан 206 жыл өткен соң жүргi­зiлген санақ бойынша, олардың Солтүстiк Кавказдағы бүкiл автоно­миялық республика-облыстары мен Ставрополь және Краснодар аймақ­тарындағы саны 70 мыңнан әрең асқан. Олардың өз автономиясы жоқ және болған да емес. XIX ғасырдың орта шенiнде 16-ақ мың болған осетиндердiң саны қазiр  700 мыңға жетті. Ноғайлармен Солтүстiк Кавказда көршi болған басқа тау халықтары да талай қиындықтарға қарамастан, саны жағынан өспесе, өшкен жоқ.

«Өлі риза болмай, тiрi байымайды» деген түсiнiк көп халықтарда бар. Орыста да бар, бiзде де бар. Соған қарамастан, А.В.Суворов ноғайларды қойша көгендеп қойып қырып, қанын судай ағызған жерлердiң тура үстiмен Алтын Орда Ноғайының туған ұлы Таз батырдан тараған қазақ таздары жерiнде ашылған ғаламат Теңiз кенiшiнiң мұнайын айдап апарып сатып жатырмыз. Айтқалы отырғаным – КТК құбыры. Бұның арты не болады?!

Адам о дүниеге жүрiп кеткенде, қай халықтың болса да атқаратын дәстүрлi рәсiмi болады. Ол орындалмаса, адам жерленген болып есептелмейдi. Сондықтан қазақта хабарсыз кеткен адам­ның шейiт болғаны туралы хабар ондаған жылдардан кейiн келiп жетсе де, оған құран оқытып ас беру деген бар.

Суретте: Дағыстан ноғайларыСуретте: Дағыстан ноғайлары

Ноғайлар бүтiн халық – қалың ел болған. Оны жоқтау парызы – қазақ­тың мойнында. Өз алдымызға тәуелсiз ел болған екенбiз, ендi осы парызымызды өтеуiмiз керек.

Жоғарыда аталған Ахмет Ярлыкапов («Может, ногайцы имеют больше прав на этноним «татары», чем казанцы?», business-gazeta.ru) былай дейді:  «Ногайская Орда в истории России играла без преувеличения огромную роль, и это значение до сих пор еще до конца не изучено, потому что в историографии сложилось так, что вообще Золотая Орда и постордынские государства — какая-то боковая ветвь отечественной истории, которая якобы прямого отношения не имеет к истории России, и, соответственно, все силы направлялись на изучение истории Киевской Руси, русских княжеств, Московского государства. Все остальное было какой-то периферией. Этот неверный посыл, подход, к сожалению, до сих пор имеет место быть. Конечно, его необходимо преодолевать, в том числе и усилиями здравомыслящих историков, которые понимают, что история России невозможна без истории Золотой Орды.

В этом году отмечается 750-летие Золотой Орды, и громко претензии на наследие Золотой Орды предъявляет Казахстан. При этом Россия молчит, у которой как раз гораздо больше оснований претендовать на ее историю, нежели у Казахстана. Такого рода моментов много. То же самое не только с Ногайской Ордой, то есть ногаи жили и действовали в самых разных государствах, практически по всему золотоордынскому пространству, и вклад ногаев в нашу общую российскую историю очень велик. И в историю, и в культуру. Я провожу параллели с последними статьями казахстанского лидера Нурсултана Назарбаева, который говорит о кочевничестве, кочевой истории, что это казахское наследие и так далее, так вот, на самом деле в России есть те же ногайцы. Про историю я сказал, хотелось бы по учебникам добавить, что обязательно надо историкам собраться, обсудить эту тему, и нужно историю, тему Орды подавать как часть российской истории. Золотая Орда, постордынские государства – неотъемлемая часть российской истории. Конечно же, в учебниках необходимо отходить от подачи золотоордынского периода как какого-то ига... Потому что всегда над умами ученых довлели определенные установки: «Орда - хищническое государство, которое оказывало тормозящее влияние на развитие русских княжеств, государства». Это был преобладающий в историографии русского государства постулат. Запомнились труды Виктора Жирмунского, особенно его монография «Тюркский героический эпос», его подход тоже необычный, так как в то время не было принято говорить о том, что у тюркских народов – богатая история. Многие ногайцы, например, именно из работ Жирмунского узнали о своем легендарном прошлом». Бұл жалпы дұрыс пікір. Бұған алып-қосарымыз жоқ.

 Аққали КӨПТІЛЕУОВ

 

1240 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы