• Аймақ тынысы
  • 19 Қараша, 2020

Covid-19: Екінші толқын және ағымдағы ахуал

Коронавирус пандемиясы кезіндегі карантин мен қатаң шектеу шаралары жаһандық экономика ахуалын одан әрі күрделендіре түсті. Шекаралар жабылып, елдер арасындағы сауда-саттық, барыс-келіс тоқтады. Көптеген елдерде өндіріс тұралап, жұмыссыздық өсті, іскерлік белсенділік күрт төмендеді.

Биыл алғашқы жартыжылдықта төрткүл дүниедегі сауда 15%-ға құлдырады. Экономикалық ынты­мақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) мәліметтеріне сәйкес, екінші тоқсанда әлемдік өндіріс көлемі былтырғы жылдың соңын­дағыдан 10% дерлік төмен болды. Бұл бейбіт уақытта бұрын-соңды болып көрмеген жағдай.
Сарапшылар қыркүйекте әлем­дік экономиканың шығыны 7 трлн долларға дейін жеткенін айтады, бұл Германия мен Франция секілді екі бірдей ауқымды экономика­ны жоғалтқанмен пара-пар. Ал пес­симистік болжамдар тіпті бұл санның 11 трлн долларға жететінін алға тартады. ЭЫДҰ 5%-дық өсімнің қалпына келуін күтеді, алайда көптеген елдердің ІЖӨ биылғы жылдың қорытындысы бойынша былтырғыдан төмен болмағы даусыз. Әлем елдері алдағы жылдарда пандемияның тікелей және жанама зардаптарын біршама уақыт сезінері анық.
Жалпы пандемия қатты соққы әкелген салалар – туризм және транспорт. Әлемнің жетекші эко­номи­каларында туризм мен транс­порттың алатын үлесі ІЖӨ-нің 7%-дан 14%-на дейін құрайды. Олардың қалпына келуі 2021 жылдың екінші тоқсанынан ерте болмайтындығын ескерсек, бұл, әрине, тұтас алғанда әлемдік экономиканың қалпына келуін тежейді.
Карантиндік шектеулер жеңіл өнеркәсіпті де құлдыратты. Ірі сауда орта­лықтары, базарлар жабылды. Сондай-ақ қонақ үй бизнесі, қо­ғамдық тамақтандыру, демалыс және ойын-сауық, мәдениет пен спорт салаларында да кіріс қыс­қарды.
Дамыған елдердің үкімет­тері пан­демия кезінде өз эконо­ми­кала­рын қолдау үшін триллион­даған доллар құйды. Алғашқы тол­қыннан кейін шектеу шаралары жеңілдетіліп, кейбір елдер өндіріс көлемін қалпына келтіре бастады. Мәселен, шілдеден бастап Manufac­turing PMI және Services PMI алдын ала индикаторлары 50 белгісінен жоғары тұр, Қы­тай экономика өсімін 4,9% (ж/ж) деңгейінде тіркеді. Герма­нияда өндіріс өсті, АҚШ-та жұ­мыссыздық азайды, доллар нығайды. Алайда жаңа толқын жаңа құлдырауды әкеледі, дейді Pacific Investment Management-тің жаһандық экономика жөніндегі кеңесшісі Иоахим Фелс.
Иә, CoviD-19-дың қайталану қаупі сейілмеді, күз ортасынан дамыған елдер локдаундар енгізе бастады. Әрине, мұндай жағдайда сыртқы сұраныстың қалпына келуі жөніндегі болжамдар аса оптимистік болып көрінуі мүмкін. Індеттің қайта таралуына орай қатаң шектеулер енгізілер болса, шикізатқа әлемдік сұраныс төмен­дейді, тиісінше баға түседі. Бұл өз кезегінде мұнай экспорттаушы елдерде, оның ішінде Қазақстанда валюталық түсімнің азаюына әкеледі. Экспорттық төлемдердің қысқаруы ұлттық валютаға қысым көрсету және сәйкесінше инфля­циялық үдерістердің жеделдеу тә­уекелін туындатады. Сондықтан елдердің үкіметтері экономиканы ынталандыру шараларын күшейтіп, шектеулерді барынша нақты қарас­тыруы мүмкін.

Рымтай САҒЫНБЕКОВА

193 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы