• Экологиялық шара
  • 26 Қараша, 2020

Басты міндет – қоршаған ортаға келетін зиянды азайту

Нұр-Сұлтан қаласында «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ (ХЖТИЖО) алаңында ұйымдастырылған «Жасыл» экономика және ЕҚТ қағидаттарына көшу мәселелері жөніндегі II Халықаралық конференция өтті.

Аталмыш іс-шара Қазақстан мен Ресейдің XVII аймақаралық ынтымақтастық форумы аясын­да онлайн және офлайн формат­та ұйымдастырылды. GIZ сарап­шысы, Hendrikson & Ko қоршаған ортаны қорғау жөніндегі жетекші сарапшысы Юхан Руут Қазақстан өзінің ұлттық мүдделері мен халықаралық келісімдерін негізге ала отырып, қоршаған ортаны қорғау саласындағы ғылым мен техниканың қазіргі заманғы жетіс­тіктеріне негізделетін ең озық қолжетімді технологияларды (ЕҚТ) енгізуі қажет екендігін атап өтті. «Қазақстан қоршаған ортаны сақ­тауға байланысты өз үлгісін әзірлеу қажет пе, әлде ресейлік немесе еуропалық үлгілерін кө-шіріп алу керек пе? Шешімді Қазақстан Республикасы Ұлттық басымдықтар мен халықаралық келісімдерді ескере отырып қабылдауға тиіс», – деп мәлімдеді ол.
Қоршаған ортаның негізгі ластаушылары болған өнеркәсіп кәсіпорындарында ең озық қол­жетімді технологияларды өз уа­қытында енгізудің арқасында соңғы жылдары ластаушы заттар шығарындыларының саны едәуір қысқарған. Еуропаның кейбір елдерінің тәжірибесі қазіргі уақытта Қазақстан үшін ЕҚТ енгізудің табысты мысалы болып табылатыны белгілі. Атап айтқанда, олардың ЕҚТ енгізу жөніндегі жобаларын қазір ХЖТИЖО мұ­қият зерделеуде. Сонымен бірге, қазірдің өзінде барлық еуропалық бастамалар Қазақстанның ұлттық ерек­шеліктерін ескере отырып, сол күйінде қабылдана және енгізіле бермейтіні түсінікті. Мысалы, Еуропада әзірленген тех­­ни­калық анықтамалықтар негі­зінде ЕҚТ енгізу республикада мүл­дем қолайсыз, өйткені оларда экологиялық стандарттарға қойы­латын талаптар тым жоға­ры. Егер Ресейде әзірленген, менталите­ті және басқа да ерек­шеліктері бойынша Қазақ­стан­ға барынша жақын техни­калық стандарттарға жүгі­нетін болсақ, онда зерттеу барысында анықталғандай, олар талап етілетін экологиялық тиім­ділікке қол жет­кізуге мүм­кіндік бермейді.
РФ МЭИ ҒЗУ ҒЗТ және энер­гия үнемдеу әдіснамасы ҒЗЗ мең­герушісі Евгений Гашо конфе­ренцияда сөйлеген сөзінде әртүрлі елдердегі ЕҚТ енгізу ерекше­ліктерін салыстыра келе, Ресейде және ЕО-да жарияланған барлық ЕҚТ анықтамалықтарында энер­гия тиімділігін арттыруға бағыт­талған шешімдер бар деп атап көрсетті. Оның айтуынша, Ре­сей­де тек 2015-2018 жылдар ішінде ЕҚТ бойынша 51 ақпа­раттық-техникалық анықта­ма­лық әзірленді, оның ішінде 23-і энергияны көп қажет ететін сала­ларға қатысты.
Қазақстан ЕҚТ енгізу кезінде қандай тәжірибені пайдаланса да, оның жетістігі көп жағдайда мемлекет тарапынан ынталандыру шараларына байланысты болады деп есептеледі.
GIZ сарапшысы, Metroecono­mica (Испания) серіктесі әрі бас директоры Ибон Галларага ЕҚТ енгізу үшін экономикалық ынталандыру құралдары туралы айта келе, экономикалық құрал­­дардың мұндай процеске өте қажетті қосымша болып табыла­тынын атап өтті. Ол ластануды азайту және ЕҚТ енгізу үшін эко­номикалық ынталандыру бір немесе бірнеше құралдарды қам­титын әлемнің әртүрлі елде­рін мысалға келтірді. Мәселен, Қы­тайда – субсидиялар мен кре­дит­тер, Данияда – субсидиялар мен салықтық преференция­лар, Үндістанда, Түркияда және Польшада – тек кредиттер, Шве­цияда – тек салықтық префе­рен­циялар және тағы басқалары бар екен. Осы орайда Германия ең дамыған ел болып отыр, онда тиісті экономикалық ынталан­дыруларға барлық қарас­тырылған құралдар кіреді: субсидиялар, несиелер және салықтық префе­ренциялар.
Бұл жерде «Қазақстандағы жағдай қолайлы: Экологиялық кодекс көптеген құралдарды ескереді» деп ескерте отырып, «Өршіл экологиялық саясат инновациялар мен бәсекеге қабілеттілікті ынталандырады. Бірақ ұтымды жобалап, іске асыру керек», – деп мәлімдеді И.Галларага.
ЕҚТ енгізу – Қазақстан үшін маңызды іс. Еліміз Экологиялық кодекс қабылданғаннан кейін өнеркәсіптің қоршаған ортаға теріс әсерін барынша азайта отырып, өзінің экологиялық саясатын толық қайта құруға ниеттеніп отыр.

Салтанат ҚАЖЫКЕН

219 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы