• Спорт
  • 03 Желтоқсан, 2020

Нокаутпен жеңді

АҚШ-тың Флорида штатындағы Seminole Hard Rock Hotel & Casino аренасында кәсіпқой бокстан бірнеше жекпе-жек өтті. Сол бокс кешінде жерлесіміз Данияр Елеусінов (9-0, 5 КО) намибиялық былғары қолғап шебері Джулиус Индонгомен (23-2, 12 КО) шаршы алаңда жолығып, жұдырықтасты.

Екі боксшы да алғашқы раундты бірден қарқынды бастады. Арада аз уақыт өт­кенде қазақстандық боксшы қарсыласын бір рет нокдаунға түсіре алған. Екінші раундта Индонго сақ қимылдай баста­ды. Д.Елеусінов шабуылын бәсең­детпестен қарсыласын екінші рет нокдаунға түсірді.
Осылайша орта салмақта IBF Inter-Continental чемпионының бос тұрған белбеуі үшін бол­ған бұл айқаста қазақстандық боксшы екінші раундта техни­калық нокаутпен жеңіске жет­ті. Сөйтіп Данияр Елеусінов өзінің кәсіпқой мансабында­ғы алғашқы атаққа қол жеткізді. Ол өз дивизионында IBF Inter-Continental чемпионы атанды.
Жерлесіміз Д.Елеусінов кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді. Ол карьера­сында алғаш рет белбеу үшін жұ­дырықтасуға мүмкіндік алып, оны сәтті ала білді. Отандасымыз жекпе-жектен кейінгі сұхбатында жеңіске оңай қол жеткізгенін және үлкен айқастарды асыға күтетінін жеткізді.
Дәл осы Флорида штатын­да Данияр өзінің алтыншы жекпе-жегінде мексикалық Сильверио Ортиспен қолғап түйістірген болатын. Жетінші раундта Данияр Елеусінов қарсыласын нокдаунға жіберді, алайда мексикалық боксшы жекпе-жекті жалғастыра алды. Осылайша, сегіз раундқа со­зылған жекпе-жекте төре­ші­лердің шешімі бойынша қазақ­стандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп – 79:70, 79:71, 79:71.
Кештің басты жекпе-жегі Головкиннің бұрынғы екі қар­­сыласы – Даниэл Джейкобс пен Габриэль Росадоның кездесуі болды.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

203 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы