• Цифрлы Қазақстан
  • 07 Қаңтар, 2021

Қызмет көрсету орталықтарының жұмысы қайта жанданды

Елімізде жарияланған төтенше жағдайдан кейін жұмысын бастаған қалалық халыққа қызмет көрсету орталықтарында коронавирус пандемиясына байланысты өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысы шектелген болатын. ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің тапсырмасымен бұл аймақтардың жұмысы жақында ғана қайта жанданған болатын.

Бүгінде республикалық және облыстық маңызы бар қалаларда 137 өзіне-өзі қызмет көрсету аймағы іске қосылды, оның 10-ы Алматы қаласында. Онда азаматтарға кеңес беру үшін мыңнан астам қызметкер тартылды. Келушілер ондағы компьютерлер арқылы керекті анықтамалар мен электронды қызметтерді өз беттерінше ала алады. Өзіне-өзі қызмет көрсету секторындағы ең көп алынатын қызметтерге ЭЦҚ рәсімдеу, сот­тылықтың болуы және бол­мауы туралы, наркологиялық және психоневрологиялық диспансерлердің есебінде бол­мауы туралы анықтамалар алу, тұр­ғы­лықты жері бойынша тір­келу және емханаға тіркелу кіреді.
Естеріңізге сала кетейік, карантин уақыты барысында электронды қызметтерді алу үшін қалалардағы сауда орындары, жоғары оқу орындары, қала әкімдігі сияқты азаматтар көп баратын жерлерде 700-ден астам egov бұрыштары іске қосылған болатын. Онда компьютері не­месе интернет байланысы жоқ азаматтар қажетті анықтамалар мен қызметтерді рәсімдейтін. Аталған бұрыштар әлі де қыз­метін жалғастыратын болады.
Бұған дейін тегін алуға бола­тын электронды қызметтерді ақылы түрде ұсынатын меке­мелердің жұмысына байланысты азаматтардың шағымы көбейген болатын. Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы олардың жұмысына еш қатысы жоқтығын және анықтамаларды алу үшін бөгде азаматтарға жеке мәліметтерді ұсыну қауіпті екенін ескертеді.

Айжан ЖАСБАТЫРҚЫЗЫ

1752 рет

көрсетілді

1

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы