• Ақ Орда
  • 08 Қаңтар, 2021

Тәуелсіздік тұғыры – ұлттық құндылықтар, әділетті қоғам, қуатты мемлекет

Биыл еліміз қасиетті Тәуелсіздігінің 30 жылдығына қадам басты. Тәуелсіздіктің отыз жылын шартты түрде үш онжылдық белеске бөліп қарастыруға болады. Оның әрқайсысы атқарған миссиясы тұрғысынан ғасырдың жүгін арқалап тұр. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Egemen Qazaqstan» газетінде жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында осылай мәлімдеді.

 Азаттықтың алғашқы он­жыл­дығы – жаңа Қазақстан­ның іргетасын қалау кезеңі. «Осы уақытта Елбасының басшы­лығымен мемлекетіміздің нышандары белгіленіп, билік жүйесі қалыптасты. Ұлттық валютамыз айналымға енді. Қарулы Күштеріміз құрылды. Ата заңы­мыз қабылданды. Шетелдермен дипломатиялық қаты­нас орнатылды. Еліміз беделді халықаралық ұйымдарға мүше болды», – деді Президент.

«Қазақстан – 2030» стратегиясы қабылданды. Ел аумағын ядролық қарудан толық тазарттық. Елордамызды Арқа төсіне көшірдік. На­рық­тық экономикаға өтіп, жекеменшік институтын берік орнықтырдық. Отандық биз­нес­тің негізін қаладық. Жас­тар әлемнің маңдайалды оқу орындарында білім ала бастады. Түрлі дағдарыстардан аман өтуге мүмкіндік берген Ұлттық қорымыз құрылды. Дүние жүзіне тарыдай шашылған қазақ баласын атажұртқа шақырып, Ұлы көшке жол аштық. Соның нәтижесінде ел еңсесі тіктеліп, ұлттық рухымыз көтерілді», – деп жазды Президент.

Екінші онжылдық – Қазақ елінің керегесін кеңейту кезеңі. Мемлекетіміздің тұғыры ны­ғайып, экономикалық әлеуе­тіміз арта түсті. Құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, заң жүзі­нде бекіттік. «Мәдени мұра» бағдар­ламасын жүзеге асырып, тарихымызды түгендедік. Елімізге шетелден қомақты инвестиция тарттық.

Үшінші онжылдықта шаңыра­ғымыз биіктеп, мерейлі мемлекетке айналдық.

«Шекара мәселесін біржола шештік. «Қазақстан – 2050» стратегиясын қабылдап, озық дамыған отыз елдің қатарына қосылуды межеледік.

Әр бағыт бойынша ауқымды бағдарламалар жүзеге асырылды. Саяси және экономикалық реформалармен қатар рухани жаңғыруға баса мән бердік.

Қасым-Жомарт Тоқаев келесі онжылдықтың міндетін атап өт­ті.«Төртінші онжылдықтың бізге жүк­­тейтін міндеті – қуатты елдің иесі және кемел халық болу. Бұл жолда саяси-экономикалық реформаларды және сананы жаңғырту үдерісін жалғастырып, заман талабына бейімделген ұлттың жаңа болмысын қалыптастыруымыз қажет. Біз әділетті қоғам мен тиімді мемлекет құруды көздеп отырмыз.

...Азаматтарымыз экономи­калық өсімнің игілігін сезіне алмаса, одан еш қайыр жоқ. Мен әрбір шешімді қабылдар сәтте осы ұстанымды басшылыққа аламын. 

Тарихқа көз жүгіртсек, әр буын белгілі бір сынақты басынан өткереді. Біздің бабаларымыз «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаны», аталарымыз алапат ашаршылықты, қуғын-сүргінді, дүниежүзілік соғысты көрді. Тота­литарлық кезеңде ұлттық құнды­лықтарымыздан, тілімізден, діліміз бен дінімізден айырылып қала жаз­дадық. Оның бәрі Тәуелсіздіктің арқасында халқымызға қайта оралды. Бірақ ұлт пен ел ретінде сақта­лып қалу үшін бүгінгі және болашақ ұрпақ жаңа сын-қатерлерге дайын болуы керек», – деді Президент.

Жаһандану кезеңінің жақсы-жаманын екшеп, артықшылық­тарын бойға сіңірумен қатар, тамырымызды берік сақтауымыз қажет. «Ұлттық болмысымыздан, төл мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізден ажырап қалмау – барлық өркениеттер мидай араласқан аласапыранда жұтылып кетпеудің бірден бір кепілі», – деді Мемлекет басшысы.

578 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы