• Спорт
  • 14 Қаңтар, 2021

Желаяқтарға арналған жарыс қайта жанданбақ

Былтыр еліміздегі жағдайға байланысты көктемде белгіленген марафон жарысы өткізілмеген болатын. Жалпы біздің елімізде ғана емес, дүниежүзінде жеңіл атлетикадан жарыстар өткізілмеді. Қазірде әлемде Covid-19 вирусы өршіп тұр.

Дегенмен де елімізде бұқара­лық жарыстар өткізілу жоспарда бар. Бұған дәлел, жақында «Алматы марафонына» тіркелу рәсімі ашылды. Жарыс көктемге жоспарланған. 2012 жылдан басталған жарыс биыл осымен оныншы рет өткізілмек.
«Алматы марафоны» он жылдан бері Орталық Азиядағы ең ауқымды марафон болып саналады. «Алматы марафоны» өткізілген он жыл ішінде әуесқой жүгіру дене белсенділігінің ең танымал және ең қолжетімді спорт түрлерінің біріне айналды.
Алғашқы «Алматы мара­фоны»2012 жылы өткізіліп, спорттық іс-шара ретінде ғана емес, қалалық мереке ретінде де жоспарланған болатын. Алғашқы сөреге 2,5 мыңға жуық адам қатысты. Бір жылдан кейін, 2013 жылы марафон Халықаралық марафондар мен жүгірістер қауымдастығына (AIMS) енді, ал жоларна IAAF Халықаралық жеңіл атлетика федерациялары қауымдастығының ережелеріне сәйкес сертификатталды.
«Алматы марафоны» құ­рылған бірінші жылдан бері қатысушылар қаражатының бір бөлігі қайырымдылық мақсат­тарын іске асыруға жұмса­лады. Жыл сайынғы қайы­рым­дылықтың мақсаты, ерекше қажеттіліктері бар балалар, аз қамтылған отбасы­лардан шыққан немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетін немесе оқитын балалар мекеме­лері болып табылады. Әрбір таңдалған нысанда спорт­тық нысандар салынды, спорт­тық керек-жарақ немесе меди­циналық жабдық сатып алынды. Осы жылдар бойы «Алматы марафоны» қатысушы­ларының арқасында 22 қайырым­дылық мақсаты іске асырылды.
2020 жылы «Алматы мара­фоны», жарыс басталатын күн­нің қарсаңында жарияланған коронавирус пандемиясына байланысты тоқтатылды. 2021 жылы сөре сызығында жұқпалы ауру­ларға қарсы қауіпсіздіктің бар­лық шаралары сақталады және олардың сақталуы барынша бақы­ланады.
– 2020 жыл, үнемі спортпен шұғылдану арқасында иммунитет әртүрлі жұқпалы аурулармен күресуге ынталандырылатынын айқын көрсетті. Ешбір дәрі-дәрмек вирустармен күресте мықты шыңдалған ағза сияқты тиімді болмайды, – деп түсіндірді «Алматы марафонының» дирек­торы Салтанат Қазыбаева.

Айбол КӘДІРБАЙ

318 рет

көрсетілді

0

пікір

Біздің Telegram каналына жазылыңыз

алдымен сізді қызықтыратын барлық жаңалықтарды біліңіз

TENGE MONITOR №15

15 Сәуір, 2021

Жүктеу (PDF)

Редактор блогы

Рымтай сағынбекова

“TENGE MONITOR” газетінің Бас редактордың міндетін атқарушы